2023 жылы Сәтбаев Университетіне грантқа оқуға түсу үшін қанша балл жинау керек?
Білім беру гранттары ең жоғары нәтиже көрсеткен студенттерге конкурстық негізде беріледі. Шектік балл ұпайлары тестілеу аяқталып, нәтижелері белгілі болғаннан кейін ғана анықталады.
Ал шектік балл жыл сайын өзгеріп отыратыны белгілі, бұл ең алдымен қандай да бір мамандықтың сұранысқа қаншалықты ие болатынына байланысты. Сондықтан да өткен жылдардың нәтижелері сізге жорамал жасауға көмектеседі. Әдетте өте сирек кездесетін және жоғары сұранысқа ие болып жүрген мамандықтарға, әсіресе болашақ қаржылық сараптамашыларға арналған бағдарламалар мен IT мамандықтарына түсу қиын.
Гранттар білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінеді, бір топқа кіретін барлық мамандықтар бойынша шектік балл бірдей болады.
Гранттар бірінші кезекте ауылдық квота бойынша бөлінеді, квота жалпы гранттар санының 30% құрайды, сондықтан ауылдық квота бойынша есептелетін шектік балл әрқашан төмен болады. Егер де сіз қала тұрғыны болсаңыз, шектік балл санына назар аударғанда, ауылдық квотаны есепке алмаңыз.
Сәтбаев Университеті – ұлттық университет болғандықтан, мұнда ҰБТ нәтижесінің ең төменгі көрсеткіші – 65 баллды құрайды. Сәтбаев Университетінде бейіндік пәндер физика, математика, биология, химия, информатика болып саналады.
Былтырғы және биылғы 2023 жылдан бастап талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады. Олардың нәтижелері бойынша сіз екі сертификат аласыз және соның ең жоғары шыққан балл көрсеткішін пайдалана аласыз. Сондай-ақ орталық сайтында төмендегі сілтеме бойынша онлайн режимде өткізілетін сынақ тестілеуіне қатысып, өз күшіңізді сынай аласыз.
2022 жылы Сәтбаев Университетіне грант алу үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шыққан шектік балл көрсеткіштері
№ |
Білім беру бағдарламалары |
Сәтбаев Университетінің білім беру бағдарламалары |
2022 жылғы шектік балл |
1 |
В031 Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн |
6В02102 - Дизайн |
122 |
2 |
*В044 Менеджмент және басқару |
6В04103 - Бизнес инжиниринг |
107 |
6В04104 - Startup бакалавриат |
|||
3 |
В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі |
6В04102 - Математикалық экономика және деректер анализі |
116 |
4 |
В073 Сәулет |
6В07307 - Сәулет |
112 |
5 |
*В095 Көлік қызметтері |
6В11301- Көлік қызметтері |
98 (25) |
6В11310 - Цифрлы логистика |
|||
6 |
В050 Биологиялық және аралас ғылымдар |
6В05105 - Биотехнология |
76 |
7 |
В051 Қоршаған орта |
6В05206 - Инженерлік экология |
70 |
8 |
В052 Жер туралы ғылымдар |
6В05203 - Қолданбалы геология |
72 |
6В05204 - Гидрогеология және геоэкология |
|||
9 |
В094 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар |
6В11201 - Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау |
67 |
10 |
*B057 Ақпараттық технологиялар |
6В06102 - Computer Science |
69 (25) |
6B06103 – Математикалық және компьютерлік модельдеу |
|||
6В06106 - Ақпараттық жүйелер |
|||
11 |
В058 Ақпараттық қауіпсіздік |
6В06301 – Ақпараттық қауіпсіздік |
69 (25) |
12 |
*В075 Кадастр және жерге орналастыру |
6В07310 – Жерге орналастыру және кадастр |
70 (27) |
13 |
В060 Химиялық инженерия және процестер |
6В07116 – Негізгі өндірістер технологиясы және жаңа материалдар |
66 (28) |
6В07117 – Мұнай-газ-химия өнімдерінің химиялық технологиясы |
|||
6В07125 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
|||
14 |
В061 Материалтану және технологиялары |
6В07109 - Инженерлік физика және материалтану |
65 (33) |
15 |
*В059 Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар |
6В06201 - Телекоммуникациялар |
65 |
16 |
*В062 Электротехника және энергетика |
6В07101 - Энергетика |
65 (26) |
6B07112 - Electonic and Electrical Engineering |
|||
6В07122 – Жылу энергетикасы |
|||
17 |
В063 Электротехника және автоматтандыру |
6B07103 – Автоматтандыру және роботтандыру |
65 (25) |
6B07104 - Electonic and Electrical Engineering |
|||
6B07113 - Робототехника және мехатроника |
|||
6B07114 - Биомедициналық инженерия |
|||
18 |
В064 Механика және металл өңдеу |
6В07105 - Индустриалдық инженерия |
65 |
6В07106 - Инженерлік механика |
|||
6B07107 - Эксплуатациялық-сервистік инженерия |
|||
6В07115 - Технологические машины и оборудование (по отраслям) |
|||
19 |
*В065 Автокөлік құралдары |
6В07108 - Көлік инженериясы |
65 |
6В07123 – Вагондарды жасау, жөндеу және пайдалану технологиясы |
|||
6В07124 – Локомотивтерді жасау, жөндеу және пайдалану технологиясы |
|||
20 |
В067 Әуе көлігі және оның технологиясы |
6В07121 - Ғарыштық техника мен технологиялар |
- |
21
|
*В069 Материалдар өндірісі (әйнек, қағаз, пластика, ағаш) |
6В07220 – Машиналар және жаңа материалдар өңдеу технологиясы |
- (28) |
6В07216 - Полимерлер өндірісі мен олардың өңдеу технологиясы |
|||
6В07218 – Құю өндірісінің технологиясы |
|||
22
|
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру |
6В07201 – Мұнай-газ және кен геофизикасы |
65 (30) |
6В07202 - Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау |
|||
6B07203- Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту |
|||
6В07204 - Petroleum engineering |
|||
6В07205 – Тау-кен инженериясы |
|||
6В07211 - Гидрогеология және инженерлік геология |
|||
6В07213 - Mineral Processing |
|||
6В07217 – Сирек кездесетін және радиоактивті элементтер технологиясы |
|||
23 |
В072 Фармацевтика өндірісінің технологиясы |
6В07215 - Фармацевтика өндірісінің технологиясы |
- |
24 |
В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары мен азаматтық құрылыс |
6В07302 - Құрылыс инженериясы |
65 (26) |
6В07303- Геокеңістіктік цифрлы инженерия |
|||
6В07305 – Көлік құрылысы |
|||
6В07306 – Инженерлік жүйелер мен желілер |
|||
6В07308 - Ағаш конструкцияларды есептеу мен жобалау технологиясы |
|||
25 |
В076 Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) |
6В07502 - Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) |
65 |
26 |
В082 Су ресурстары және суды пайдалану |
6B08601 - Су ресурстары және суды пайдалану |
- |
27 |
В165 Магистральды желілер және инфрақұрылым |
6В07126 – Магистральды желілер және инфрақұрылым |
- |
28 |
В166 Көлік құрылғылары |
6В07118 – Көлік құрылғылары |
- |
29 |
В271 Мұнай-газ ісі |
6В07214 - Drilling Engineering |
- |
30
|
В171 Металлургия |
6В07212 - Металлургиядағы рециклинг |
- |
6В07219 – Түсті металдар металлургиясы |
- |
* – ауылдық квота
() – оқытудың қысқартылған түрі бойынша