Ақпарат:

21 ақпан 2019 4902

Ағылшын тілінен қалалық студенттік олимпиада 13 сәуірде басталады

Ағылшын тілінен қалалық студенттік олимпиада 13 сәуірде басталады

2019 жылы 13, 20 сәуірде Сәтбаев университеті әл-Машани атындағы Базалық білім беру институтының Ағылшын тілі кафедрасы Алматы қаласы ЖОО-ның тілдік емес мамандықтар студенттерінің арасында ағылшын тілінен олимпиада өткізеді.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Сәтбаев университеті, Сәтбаев көшесі, 22а, Бас оқу ғимараты.

Олимпиаданы өткізу уақыты:

I кезең – 13 сәуір 2019 ж. (қосымшаны қараңыз);
II кезең – 20 сәуір 2019 ж.  (қосымшаны қараңыз).

Олимпиаданың II кезеңіне өту құқығы I кезеңде жоғары балл жинаған 10 қатысушыға беріледі.

Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

  1. Олимпиадаға тілдік емес мамандықта оқитын 1–2-курс студенттері ғана іштей қатыса алады;
  2. Өзімен бірге студенттік билет болу міндетті;
  3. Олимпиадаға ағылшын тілі ана тілі болып саналатын немесе ағылшын тілді елдерде 6 айдан көп уақыт тұрған студенттер жіберілмейді. 

Олимпиадаға тіркелу:

Олимпиадаға қатысу үшін 2019 жылдың 25 наурызына дейін өтініш беру қажет.  Өтініш құжатында студенттер келесі мәліметті қалдыруы қажет: толық аты-жөні, курс, ЖОО-ның толық атауы, мамандық, байланыс телефоны, e-mail.

Өтініш беру үшін келесі сілтемеге өтіңіз: Өтініш беру 

Мекенжайымыз:

Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22а.
БОҒ, Ағылшын тілі кафедрасы, 604-бөлме.
Е-mail: duyseeval@mail.ru
Байланыс телефоны: 87013965569, 87011206816

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту