17 қаңтар 2019 11667

Академик Қ. И. Сәтбаевтың туғанына 120 жыл және Сәтбаев университетіне 85 жыл толуына арналған халықаралық конференция

Академик Қ. И. Сәтбаевтың туғанына 120 жыл және Сәтбаев университетіне 85 жыл толуына арналған халықаралық конференция

2019 жылы 10–12 сәуір күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен елдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ  ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Академик Қ. И. Сәтбаевтың туғанына 120 жыл және Сәтбаев университетіне 85 жыл толуына арналған халықаралық конференция» өтеді.

Конференцияда еліміздің ғылымын, білім беру жүйесі мен өндірісті интеграциялау мәселелері талқыланып, Қазақстанның жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдар мен өнеркәсіп орындарының өзара ғылыми-техникалық ынтымақтастығының стратегиялық артықшылықтарын қалыптастыру және жаңа технологияларды өндіріске үздіксіз енгізіп отыруды қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер қаралады.  

Аталмыш конференцияның Сәтбаев университетінде өтуі – Қазақстанда ғылым мен техникалық білім беру саласын дамыту жөнінде жоғары оқу орнының атқаратын тарихи ролімен тығыз байланысты болып отыр. Өйткені ҚазТКМИ-ҚазПТИ-ҚазҰТЗУ-дың қалыптасып, дамуына елдегі ғылым мен білім беру саласының көрнекті қайраткерлері, әр жылдарда университет басшылығында болған майталман ғалымдар атсалысып, өздерінің зор үлестерін қосты. Ал университеттің ең басты байлығы мен абыройы – оның түлектері болып саналады. Сүйікті альма-матер қабырғасында терең де тамаша біліммен сусындаған біздің түлектер ел экономикасының әр саласында ерен еңбек етіп, Отанымыздың құлпырып гүлденуіне өз үлестерін қосып келеді. Нақтырақ айтқанда, күні бүгінге дейін университеттің 91 түлегі ғылым мен өндірістің дамуына қосқан зор үлестері үшін Ленин атындағы, Сталин атындағы және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары атанып, лайықты бағаларын алды, 60 адам Ұлттық ғылым академиясының академиктері мен корреспондент-мүшелігіне өтті. Университеттің 6 түлегіне – ірі-ірі өнеркәсіп орындарының басшыларына Социалистік Еңбек Ері, Совет Одағының Батыры деген ең жоғары құрметті атақтар берілді. Сондай-ақ біздің түлектер арасында көптеген «Халық қаһарманы» иелері, «Қазақстан Еңбек Ері» орденінің кавалерлері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары бар.

Кез келген жоғары оқу орнының тарихы – ол тек тарих, естелік, өткенді еске түсіру  ғана емес, сонымен қатар ол жоғары оқу орнының даму, алға қарай өрлей білуінің негізі де. Бұл жағынан алғанда, ҚазҰТЗУ ұжымы ХХІ ғасырға сәтті аяқ басып, елдегі білім беру мен ғылым саласында өзінің алдыңғы қатардағы орнын сақтап қала білді.

Сіздерді «Академик Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 120 жыл және Сәтбаев университетіне 85 жыл толуына арналған халықаралық конференцияға» белсене қатысып, аталмыш іс-шараға демеушілік көрсетуге шақырамыз.

Қосымша ақпарат

Сәтбаев университеті демеушілер мен серіктестерге алғыс білдіреді:

 Satbayev University выражает благодарность спонсорам и партнерам

СЕЙСМОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

АЭСҚ КАЗГИДЕК

«NPP INTERRIN» ЖШС

ЛЕИКА ГЕОСИСТЕРІ ҚАЗАҚСТАН

«ГЕОСТРОЙИНВЕСТ» ЖШС

TRANSTELESOFT ЖШС

KAZGERMUNAI БК

«ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС

«КАЗФОСФАТ» ЖШС

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту