Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Еуропада оқуға байқау басталды
Оқу кезеңі: 2020–2021 оқу жылының күзгі семестрі.
Конкурсқа қатыса алады:
- 2, 3-курста оқитын (яғни қазіргі 1 және 2-курс бакалавриат) студенттер;
- Оқу үлгерімінің орташа баллы (GPA) 3,33-тен төмен емес.
Оқу ұзақтығы 5 жылды құрайтын 4-курс студенттері (тапсыру сәтінде – 3-курс) де қатыса алады.
Құжаттар тізімі:
1. ҚР азаматы паспортының көшірмесі;
2. SU мөрімен расталған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт;
3. Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):
а) шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы расталған сертификат (IELTS, TOEFL және басқалары);
б) шетелдік жоғарғы оқу орнының қазіргі шетел тілінің деңгейімен студентті қабылдауға келісімі туралы хат;
в) қазақстандық жоғары оқу орнының тестілеу нәтижесі (В2-ден төмен емес).
4. ҚР-нан оқуға кету сәтінде жасы 18-ге толмаған жағдайда, үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің оның шетелде шығуына жазбаша келісімі;
5. Студенттің көп балалы екенін растайтын отбасы құрамы туралы құжат;
6. Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін);
7. Студенттің мүгедектігін растайтын құжат.
Халықаралық ынтымақтастық бөліміне (903-каб., НК) құжаттарды тапсыру мерзімі 2020 жылдың 20 ақпанына дейін жүреді.
Құжаттарды аты-жөні, мамандығы, кафедрасы, институты және ұялы телефон нөмірі көрсетілген папкаларда тапсыруларыңызды сұраймыз.
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар:
- Оқу кезеңі: 2020–2021 оқу жылының күзгі семестрі;
- Шетелдік университеттердің тізімін конкурстан өткеннен кейін ұсынамыз, өйткені тізім қазір толықтырылып жатыр.
- Егер сіз әлеуметтік тұрғыдан әлсіз санатқа кірмесеңіз, қорқынышты емес, бәрібір құжаттарыңызды тапсырыңыз!
- Құжаттарды папкада ұсыныңыз, аты-жөнді, мамандықты, кафедраны, институтты және ұялы телефон нөмірлерін жазуды ұмытпаңыз.
- Сіздің құжаттарыңыз ҚР БҒМ-не комиссияның қарауына жіберіледі, кейін бекітілген тізім Халықаралық ынтымақтастық бөліміне (бұдан әрі – ХЫБ) түседі. ХЫБ сізбен хабарласып, университетті таңдауға көмектеседі. ҚР БҒМ-нен бекітілген тізімнің нақты қай күні түсетіні белгісіз.
- Шет тілін тестілеу 8 және 15 ақпанда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін (Speaking және тестілеу) өтеді. ID карта мен жеке куәлігіңіз өзіңізбен бірге болуы тиіс!
- Университет коронавирус оқиғаларының барысын қадағалайды. Егер жұқтыру қаупі болса, біз Еуропаға жөнелтуден/сапардан бас тарта аламыз.