«Ақпараттық технологиялар – болашаққа жол» олимпиадасының нәтижесі
Математика және бағдарламалау пәндері бойынша «Ақпараттық технологиялар – болашаққа жол» атты мектеп олимпиадасының қорытындысы шығарылды.
Еске салсақ, 19 қаңтарда Сәтбаев университетінде 9–11-сынып оқушылары арасында математика және бағдарламалау пәндері бойынша кең көлемді олимпиада өткен еді. Жарысқа Алматы қаласының 49 оқушысы қатысты. Жарыс жеңімпаздары университет ректорының шәкіртақысына ие болды.
«Ақпараттық технологиялар – болашаққа жол» олимпиадасының Гран-при жүлдесін және 100%-дық шәкіртақыны Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық дарынды балаларға арналған физика-математика мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Ырысдәулет Тұрсынғазы жеңіп алды.
Номинация және 75%-дық шәкіртақыны Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Сырым Аманкелдиев жеңіп алды.
Номинация және 50%-дық шәкіртақы № 175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясының 11-сынып оқушысы Рауан Кененге бұйырды.