Ақпарат:

14 желтоқсан 2021 6785

Ақсақалдар – даналықтың, еліміздің тәуелсіздігі мен дамуының символы

Ақсақалдар – даналықтың, еліміздің тәуелсіздігі мен дамуының символы

Сәтбаев Университетінде «Ақсақалдар алқасының» бірінші отырысы өтті. Бұл жиында университет ақсақалдарының ел тәуелсіздігін орнатуға сіңірген еңбегі мен университет өмірінде алатын маңызды рөлі атап өтілді.

«Ақсақалдар алқасы» — бұл атақты ғалымдарға өздерінің саналы білімін, мол тәжірибесін университеттің ғылыми, педагогикалық және қоғамдық салаларында бірлесе отырып пайдалануға, әрі сонымен бөлісуге мүмкіндік беретін бірлестік. «Ақсақалдар алқасы» университеттің ең маңызды да өзекті мәселелерін шешуге белсенді түрде араласады.

Аксакалы – символ мудрости, развития и независимости нашей страны

Жиынға қатысқан ақсақалдар Басқарма мүшесі – Корпоративтік даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор Ержан Көлдеевтің «Ақсақалдар алқасының Ережесі» туралы баяндамасын тыңдады. Ал «Ақсақалдар алқасының» төрағасы болып Ұлықпан Сыдықов сайланды.

Аксакалы – символ мудрости, развития и независимости нашей страны

Жиында Ақсақалдар кеңесінің алғашқы жобалары мен алдағы іс-шаралар жоспары бекітілді. Жиналғандар кеңес мүшелерінің университет тарихына қатысты кітаптарын басып шығаруды және университеттің мәжіліс залына Досым Сүлеев атындағы Ғылым және мәдениет орталығы мәртебесін беруді бірауыздан мақұлдады.

Жиын соңында Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев ақсақалдарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, оларға Қаныш Сәтбаев атындағы Алтын медальдарды табыс етті.

Аксакалы – символ мудрости, развития и независимости нашей страны

Аксакалы – символ мудрости, развития и независимости нашей страны

Аксакалы – символ мудрости, развития и независимости нашей страны

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту