26 қаңтар 2024 2484

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркин жұмыс сапарымен Сәтбаев Университетінде болды

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркин жұмыс сапарымен Сәтбаев Университетінде болды

Сәтбаев Университеті АҚШ университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынасты кеңейту бойынша жұмысын жалғастыруда. Осы үдеріс аясында университет басшылығы АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркиннің бастауымен Бас консулдық делегациясын қабылдады.

Американдық делегацияның құрамында сондай-ақ қоғаммен байланыс жөніндегі офицер Ник Новак, қоғаммен байланыс жөніндегі офицердің көмекшісі Чед Киннер және мәдени мәселелер жөніндегі көмекшісі Жанна Тоқтарова болды. Мишель Еркин өзінің құттықтау сөзінде ынтымақтастық қарым-қатынастың басталғанына қуанышты екенін және қолдан келген көмекті көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Өзара пікір алмасу барысында Сәтбаев Университеті мен АҚШ университеттері арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы талқыланды. Ректор Мейрам Бегентаев университеттің даму көзқарасының қақ ортасында Тұрақты даму мақсаттары тұрғанын, олар университетіміздің тұрақты және жүйелі дамуына және Қазақстанның барлық университеттері мен мектептеріне тұрақты дамуға жол ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен Америка арасындағы білім саласы бойынша ұзақ мерзімді қарым-қатынастар контекстіндегі болашақ ынтымақтастық туралы өз көзқарастарымен алмасты. Жанна Тоқтарова АҚШ-та білім алған қазақстандықтар қауымы жиырма мыңнан асқанын, бұл екі ел арасындағы байланысты нығайтып, бір-бірімен келіссөздер жүргізуге көмектесетінін атап өтті.

Кездесу университет ректорының Пенсильвания мемлекеттік университетіне (Pennsylvania State University, АҚШ) сапары қарсаңында өтті. Бұл университет өзінің мұнай және газ мамандықтарымен бүкіл әлемге танымал.

Ал Сәтбаев Университеті АҚШ-тың Colorado School of Mines, Michigan State University, Ohio State University секілді жоғары оқу орындарымен Oil and gas, Mining and Engineering бағыттары бойынша белсенді түрде ынтымақтастық қарым-қатынас жасайтынын атап өткен жөн.

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркин жұмыс сапарымен Сәтбаев Университетінде болды

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркин жұмыс сапарымен Сәтбаев Университетінде болды

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркин жұмыс сапарымен Сәтбаев Университетінде болды

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркин жұмыс сапарымен Сәтбаев Университетінде болды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту