Ақпарат:

21 маусым 2021 4882

Алматы фонтанында тоқ соққан адамдарды Сәтбаев Университетінің студенті құтқарды

Алматы фонтанында тоқ соққан адамдарды Сәтбаев Университетінің студенті құтқарды

Сәтбаев Университетінің студенті Абылай Балапанов 19 жаста, ол болашақ инженер. Университет Ректоры Мейрам Бегентаевпен кездесуде Абылай Алматыдағы фонтанда электр тогынан зардап шеккен әйел мен оның балаларын құтқарған күні болған оқиға туралы айтып берді.

Сенбі, 19 маусым күні Абылай метроға мініп, кітап оқып жүрген. Тамақ ішкісі келіп, цирктің жанына шығады. Мұнда ол фонтанның айналасында жиналған көпшілік жұртты көреді. Барлығы айқайлап, суға қарап тұрады. Абылай судың ішінде сол уақытқа дейін есінен танып қалған әйел мен балаларды көреді. Оларды фонтанда тоқ ұрғанын бірден түсініп, ол көмек беруге жүгіреді. Өзі тоқ ағынының астында қалғанына қарамастан, студент екі адамды судан шығарып алады, ал тағы біреуін басқа адам құтқарып, аман алып шығады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту