13 мамыр 2022 3950

Алматы қаласында Орталық Азия елдері ректорларының форумы өтті

Алматы қаласында Орталық Азия елдері ректорларының форумы өтті

Осы форум аясында Сәтбаев Университеті келіссөздер жүргізіп, Қырғызстан жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынас туралы келісім жасады.

Келіссөздер аясында Сәтбаев Университеті Раззақов атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетімен (ҚМТУ) бірлескен бағдарламаны іске қосу туралы келісім жасады. Сондай-ақ Орталық Азиялық Технологиялар трансфері желісіне қатысушылардың географиясын жасау және оны кеңірек ұлғайту бастамасы талқыланды. Сәтбаев Университетінің ректоры бұл желіге Әзірбайжан университеттерін, кейінірек Түркия, Моңғолия, Қытай, Үндістан және т.б. елдердің жоғары оқу орындарын қосуды ұсынды. Инклюзивті инновациялар саласындағы шешімдерді платформаның жеке бөлімшесі етіп, ал Сәтбаев Университетін Қазақстандағы платформаның үйлестірушісі етіп тағайындау ұсынылды.

Сонымен қатар Сәтбаев Университеті Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетімен және Ташкент мемлекеттік экономика университетімен (Өзбекстан) ынтымақтастық қарым-қатынас туралы келісімдерге қол қойды. Келешекте логистика және жобаларды басқару салалары бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас жасау жоспарлануда. Қырғызстандық Адам университетімен IT саласында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату жоспарлануда. М.Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университетімен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының ынтымақтастығы басталуда.

Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан Білім министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Форумның мақсаты – Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында аймақтық ынтымақтастықты кеңейту. Форумда талқыланған өзекті мәселе – Орталық Азия жоғары оқу орындары альянсының жұмысы болды. Бұл альянс қатысушылар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайта отырып, жоғары білім, экономикалық, ғылыми-техникалық даму саласындағы аймақтық және жаһандық мәселелерді бірлесіп қарастыру мақсатында құрылған.

В городе Алматы прошел Форум ректоров стран Центральной Азии

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту