Алматы қаласының қасиетті орындарына саяхат
ҚР Тұңғыш Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушылары 1-курс студенттерімен бірге Алматы қаласының қасиетті жерлеріне экскурсияға барды. Студенттер ұлтымыздың кемеңгер ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының мұражайын аралады. Жастарымыздың рухани-адамгершілік жаңғыруына серпін беретін бұл мұражай Алматы қаласындағы қасиетті орындар тізіміне енгізілген. А.Байтұрсынұлының 1993 жылы ашылған мұражайында «Ұлттық рухтың ұлы арқауы», «Қазақ санасының шамшырағы», «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының тозақ күндері» атты көрмелер бар. Қазақстанның қоғамдық және саяси қайраткеріне тиесілі жәдігерлермен, оның саяси қызметімен, құжаттарының түпнұсқасымен таныса отырып, біздің университет студенттері мол адамгершілік-тәрбиелік сабақ алды.