Ақпарат:

23 қараша 2021 2641

Алматы қаласының қасиетті орындарына саяхат

Алматы қаласының қасиетті орындарына саяхат

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарымыздың рухани тұрғыдан жаңғыруына ықпал ететін киелі жерлерді насихаттау мақсатында Сәтбаев Университеті Алматы қаласының киелі жерлеріне саяхат жасауды жалғастыруда. Осы жолы студенттер Д.А.Қонаевтың мұражай-үйін тамашалады.

1994 жылдың 24 ақпанында Елбасының «Д.А.Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында» қаулысы шыққан. Мұражайда Қонаевтың бюсті, жеке қолданған заттары, портреттері, кілемдері, тарихи құжаттары бар. Жәдігерлердің жалпы саны — 2999. Қонаевтың шынайы тұлғасын анық ашуға, яғни оны қарапайым тұлға ретінде көрсетуге «Қонаев кабинеті» мемориалдық орны кең мүмкіндік береді.

Бұл орын, Қонаевты тек мемлекет қайраткері ретінде ғана емес, шынайы өмірде болған тұлға ретінде де ашып көрсетеді. Түпнұсқалардың мемориалды мұражайда ерекше қызығушылық туғызатыны белгілі. Жоғары оқу орындарының Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнін оқитын барлық 1 курс студенттері Қонаев кабинетінде болғанда шынайы тарихи әрі уақыттық ортаға түскендей күй кешеді. Студенттер мұражай қызметкеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып сабақта алған білімдерімен сабқтастыра білді. Алған әсерлерімен бөлісті. Студенттердің бойында патриоттық, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін оятты деген ойдамын.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту