8 желтоқсан 2022 4041

Алматы ЖОО-ның ректорлары Сәтбаев Университетінде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі семинарда бас қосты

Алматы ЖОО-ның ректорлары Сәтбаев Университетінде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі семинарда бас қосты

8 желтоқсан күні Сәтбаев Университетінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған семинар-конференция өтті. Семинардың тақырыбы: «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде «сompliance-офицерлер» тәуелсіз қызметінің көмегімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті басқаруды белсенді түрде енгізу».

Конференцияға Алматы қаласындағы жиырма университеттің ректорлары мен compliance-офицерлері қатысты. Семинар-конференцияның модераторы Политехтің ректоры Мейрам Бегентаев болды, ал Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данияр Таумұрат құттықтау сөз сөйледі.

Одан кейін университет ректоры Мейрам Бегентаев, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бақыт Жәутіков, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Мансұр Әлімханов, Сәтбаев Университетінің compliance-офицері Әбдіғали Жұманов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік департаменті превенция басқармасының бастығы Қанат Сәлімбаев және «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Токушев баяндама жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік маңызы бар міндет, Сәтбаев Университеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін және оның алдын алу үшін қолдан келер іс-әрекеттің барлығын жасайды.

Ректоры алматинских вузов встретились на семинаре по борьбе с коррупцией в Satbayev University

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ

Басты парақшаға өту