Алматыда алғашқы Қазақстан–Германия көлік-логистика форумы өтеді: цифрландыру, кадрлар және транзиттік әлеует
Satbayev University Bundesvereinigung Logistik (BVL) (Германияның Федералдық логистика қауымдастығы) және Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit (GIZ) (Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы) бірлесіп «Цифрландыру, адами капитал, транзиттік мүмкіндіктер» атты алғашқы Қазақстан-Германия көлік-логистика форумын өткізеді. Іс-шара 2026 жылғы 14 мамырда Алматы қаласында өтеді және бизнес, ғылым және мемлекет арасындағы диалогқа арналған маңызды алаңға айналады.
Форумға ҚР министрліктерінің өкілдері, жоғары оқу орындары, Қазақстан мен Германияның көлік-логистика компаниялары, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан сарапшылары қатысады. Қатысушылар саланың цифрлық трансформациясын, кадрлық әлеуетті дамыту және Орталық Азияның транзиттік мүмкіндіктерін пайдалануды талқылайды, «Орта дәліз» бағытына ерекше назар аударылады.
Форумның мақсаты - Қазақстан мен Орталық Азиядағы көлік-логистика саласында ғылым, білім беру және бизнес арасында тұрақты әріптестіктер қалыптастыру.
«Орта дәліз» панельдік сессиясы аясында ұлттық операторлар мен салалық қауымдастықтар өкілдері трансконтиненталдық бағыттың тиімділігін арттыру бойынша практикалық қадамдарды талқылайды. Іс-шараның ерекше практикалық құндылығы - B2B сессиясы. B2B сессиясы қатысушыларға мақсатты іскерлік кездесулер өткізуге, ғылыми, білім беру және коммерциялық жобалар үшін серіктестер табуға мүмкіндік береді.
Қайда және қашан
Форум 2026 жылғы 14 мамырда мына мекенжай бойынша өтеді: Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22, Satbayev University, 343 аудитория, Қ. Тұрысов атындағы акт залы.
Ресми веб-сайт және кездесулерді брондау жүйесі
Аккредитация және байланыс
Форумға және B2B кездесулерге қатысуға өтінімдер келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: s.bolatkyzyz@satbayev.university.
Байланыс тұлғасы: Болатқызы Салтанат, тел.: +7 772 725 7718.



