Ақпарат:

16 қыркүйек 2022 3784

Алматыда «Дос-Мұқасан» ансамбліне арналған көрме ашылды

Алматыда «Дос-Мұқасан» ансамбліне арналған көрме ашылды

Алматы қаласының мұражайында Қала күніне және «Дос-Мұқасан» вокалды-аспаптар ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған «Алматы түні» атты өнер көрмесі ашылды. Көрменің ашылу салтанатына ансамбльдің көркемдік жетекшісі және оның негізін қалаушылардың бірі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Мұрат Құсайынов қатысты.

Көрмеге 200-ден астам жәдігерлер қойылды: ансамбль мүшелерінің сахналық костюмдері, музыкалық аспаптары, әртүрлі марапаттары, концерттік жарнамалар, фотосуреттер мен естелік сыйлықтар, сондай-ақ өнер тобының жеке мұрағатынан алынған экспонаттар қойылды.

Көрме Қазақстан өнеріндегі айтулы датаға арналды – 1967 жылы 1 тамыз күні Павлодар облысы Баянауыл ауылында Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының студенттерінен құралған «Дос-Мұқасан» тобының алғашқы концерті өткен болатын. Сол концертке болашақ инженерлер – Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Хамит Санбаев, Александр Литвинов қатысқан еді.

Политех (қазіргі Сәтбаев Университеті) түлектерінің күшімен ашылған өнер тобы жанкүйерлердің жүрегін бірден жаулап алып, сол кездегі қазақ «Битлзіне» айналған еді. «Дос-Мұқасан» тобының жаңаша өңдеуі арқасында халық әндері де жаңа реңкке ие болды. Бірнеше жылдан кейін ансамбль республикалық және бүкілодақтық өнер байқауларының жеңімпазы атанып, әртүрлі марапаттарға ие болды, ал оның мүшелері белгілі ғалымдар, елімізге еңбек сіңірген музыканттар және тәжірибелі жетекшілер атанды.

Көрменің ашылуына Алматы қаласының әкімшілігі қолдау көрсетті.

Алматыда «Дос-Мұқасан» ансамбліне арналған көрме ашылды

Алматыда «Дос-Мұқасан» ансамбліне арналған көрме ашылды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту