Алматыда жасанды интеллект дәуіріндегі университеттердің болашағы туралы талқыланды

Сәтбаев университетінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі университеттер» атты форум өтті, оны inVision U халықаралық университеті мен inDrive компаниясы бірлесе отырып ұйымдастырды. Бұл іс-шараға inVision U университетінің Халықаралық академиялық кеңесінің мүшелері, индустрия өкілдері мен арнайы шақырылған сарапшылар қатысты.
Форумға Юэн Симпсон (Narxoz University) мен Эндрю Вахтель (inVision U) қатысып, «AI and the Death of the Current University Model» атты негізгі баяндама жасады. Олар қазіргі жаппай жоғары білім беру моделі инерцияға және білім экономикасына негізделгенін атап өтті және бұл модельдің жасанды интеллект тарапынан үлкен сын-қатерге тап болып отырғанын жеткізді. Баяндамашылардың айтуынша, университеттер енді бұрынғы тәсілмен жұмыс істеуді жалғастыруы мүмкін немесе ЖИ алмастыра алмайтын адамдық және шығармашылық дағдыларды дамытатын икемді орталықтарға айналуы тиіс.
Форумда әсіресе университеттердің рөліне қатысты мәселелер кеңінен талқыланды – яғни білікті мамандарды даярлаудан бастап, әлеуметтендіру үшін, жобалық жұмыс пен ЖИ-ні құрал ретінде пайдалануды үйрету үшін қалыпты орта қалыптастыруға дейінгі мәселелер. Қатысушылардың пікірінше, жоғары білімнің болашағы университеттердің студенттерді жаңа технологиялармен тиімді жұмыс істеуге үйрете алуына байланысты болмақ.
inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский форум қатысушыларын құттықтай отырып, болашақтағы университеттердің басты міндеті көшбасшы белсенділерді тәрбиелеп шығарумен тығыз байланысты екенін атап өтті: «Болашақ дарынды данышпандарды даярлап шығару өте қиын, оларды көптің арасынан іздеп табу керек. Ал негізінде данышпандарды тәрбиелеп, оларды адамның өмірін жақсартуға үйрету шындыққа әлдеқайда жанасады. Бұл үдерісте жасанды интеллект маңызды құрал, әрі ықпал етуші фактор бола алады», – деді ол.
Форум inVision U мен Сәтбаев университетінің білім беру сапасын дамыту мен инновацияларды енгізу саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық қарым-қатынасына жол ашты.