Алматыға шығармашылық көзқарас: Сәтбаев Университетінде болашақ сәулетшілердің фотосурет көрмесі өтті
Сәтбаев Университетінде «ARC style» көрмесі өтті. Көрмеге «Сәулет» мамандығы 2-курс студенттерінің бір жыл бойы фотография мен дизайнды біріктіретін «Фотографика» курсы аясында түсірген фотосуреттері қойылды. Ол фотосуреттерде айқын көрсетілген Алматы қаласының көркем жерлері мен қала өмірінің фрагменттері әр автордың жеке шығармашылық көзқарасын, идеясын, ойлары мен ішкі түсініктерін білдіреді.
Көрменің ашылуына университет басшылығының өкілдері қатысты: Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі проректор Ермекбаев Самғат Қуатұлы, Сәулет және құрылыс институтының директоры Құспанғалиев Болат Урайханұлы, СжҚИ директорының орынбасары Ходжиков Антон Валерьевич, «Сәулет» кафедрасының меңгерушісі Сұлтанова Камиля Рамазановна, оқытушылар мен студенттер, сондай-ақ авторлардың достары мен туыстары келді.
Көрменің құрметті қонағы ретінде «Алматыбасжоспар» ҒЗИ әлеуметтік жобалау бөлімінің меңгерушісі Жандос Жұмабай қатысты. Ол қалалық сәулетшілер қауымдастығын көрме туралы хабардар етіп, қатысушылармен сұхбат жүргізуді ұйымдастырды. Осы игі істің арқасында қалалық көрме залдары студенттердің жұмысына қызығушылық танытты. Қазіргі уақытта көрмені кеңірек аудиторияда қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл көрме студенттерге осындай іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде, сондай-ақ үлкен аудиторияда өнер көрсетуде құнды тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ студенттерге өз қабілеттері мен дарынын ашудың тағы бір мүмкіндігі болды.
Ал біз жас таланттарға жаңа шығармашылық табыс пен жетістіктер тілейміз!