«Алтын Орда – алтын бесік: қазақ мемлекеттілігінің бастауы» атты дәріс оқылды
Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу шаралары аясында Қоғамдық пәндер кафедрасының шақыруымен 22 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор, тарих ғылымдарының докторы Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы «Алтын Орда – алтын бесік: қазақ мемлекеттілігінің бастауы» тақырыбымен 1-курс студенттеріне арналған танымдық дәріс оқыды.
Өзінің авторлық дәрісінде профессор Алтын Орда дәуірінің Қазақ хандығының құрылуы мен Еуразияның бүкіл тарихында алатын ықпалы мен рөліне жан-жақты тоқталды. Берекет Бақытжанұлы осы кезеңде қазақ этногенезінің қалыптасуы бастау алғандығын және республикамызда «Архив -2025», «Ұлы даланың Ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі» атты жобалар жүзеге асырылып жатқандығын ерекше атап өтті. Профессор Б. Кәрібаевтың танымдық дәрісіне Сәтбаев университетінің бірінші оқу жылының студенттері үлкен қызығушылық танытты.