23 қазан 2023 1465

Анхальт университетінің «Электротехника, механика және экономикалық инженерия» кафедрасының профессоры Эдуард Сименс Сәтбаев Университетіне келді

Анхальт университетінің «Электротехника, механика және экономикалық инженерия» кафедрасының профессоры Эдуард Сименс Сәтбаев Университетіне келді

23 қазан күні Анхальт университетінің «Электротехника, механика және экономикалық инженерия» кафедрасының профессоры Эдуард Сименс әйгілі Политехқа келіп, алдағы ынтымақтастық қарым-қатынас, оның ішінде білім және ғылым саласындағы перспективалар жөнінде талқылады.

Кездесуге қатысқандар: Анхальт университетінің Future Internet Lab мүшесі Анастасия Сапега, университет ректоры Мейрам Бегентаев, Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Раиса Өскенбаева, Энергетика және машина жасау институтының директоры Қасым Елемесов, Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты директорының орынбасары Айжан Қасымова, Коммерцияландыру және халықаралық ынтымақтастық кеңсесінің басшысы Әлия Ақатаева, «Робототехника және автоматтандыру құралдары» кафедрасының аға оқытушысы Нұрлан Баянбай.

Мейрам Бегентаев қонақты университет қызметкерлерімен таныстырып, институт директорлары мен кафедра өкілдеріне сөз берді.

Кездесу барысында Автоматтандырылған басқару жүйесі, Электроника және электротехника салалары бойынша қос дипломдық білім беруді құру, сондай-ақ студенттердің, магистранттар мен докторанттардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы жөнінде талқыланды. Сонымен қатар профессор Анхальт университеті «Болашақ» білім беру орталығының «500 ғалым» бағдарламасы аясында профессор-оқытушылар құрамының тағылымдамадан өтуі үшін университетпен ынтымақтасуға дайын екенін айтты.

Кездесуде сондай-ақ неміс және қазақстандық өнеркәсіптік компаниялар мен университеттердің бірлескен ынтымақтастығын жүзеге асыру мақсатында Сәтбаев Университеті қабырғасында халықаралық IREF іс-шарасын өткізу туралы да талқыланды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту