5 қыркүйек 2017 13859

Әскери істер институтында іріктеу шаралары өтуде

Әскери істер институтында іріктеу шаралары өтуде

2017 жылдың 21 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында «Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ-ның Әскери істер институтында жаңа оқу жылына студенттерді іріктеп алу шаралары өтуде.

ҚазҰТЗУ-дың Әскери кафедрасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің техникалық саласына запастағы офицерлерді даярлайды. Дайындық курстары ақылы және ақысыз негізде жүргізіледі. Әскери кафедраны аяқтағаннан кейін студентке «запастағы лейтенант» деген әскери шен беріліп, ол запастағы офицер ретінде тіркеледі. Кейіннен ол әскери қызметке қатардағы жауынгер емес, офицер ретінде ғана шақырылуы мүмкін.

Әскери кафедрадағы оқу бағдарламасы студенттің негізгі мамандығына қосымша ретінде сәйкес келеді. Ал оқуға студенттер арнайы таңдау негізінде іріктеліп алынады. Дәрігерлік тексеріспен қатар студенттер психологиялық байқаудан өтіп, денсаулығы жөнінде физикалық дайындық нормативтерін тапсырады. Сосын студенттің орташа GPA баллы негізінде комиссия мүшелері соңғы шешім қабылдайды.

 Жалпы, Әскери кафедра 30 мыңнан астам запастағы офицерлерді даярлап шығарды. Офицерлерді даярлау сапасының деңгейі Қазақстанның басқа да әскери институттарының сапа деңгейінен еш кем емес.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту