Әскери істер институтының қызметкерлерін Ұлы Жеңіс күнімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
Құрметті офицер мырзалар, оқытушылар және Әскери істер институтының қызметкерлері! Қымбатты ардагерлер!
Сіздерді Ұлы Отан соғысының Жеңісі күнімен және кәсіби мерекелеріңіз – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Әскери кафедра жоғары оқу орындары студенттеріне әскери дайындық негіздерін бере отырып және Отанымыздың тұтастығын сақтай отырып, университетіміздің тарихында қашан да алғы шепте келеді. Әскери кафедраның 200-ден астам оқытушылары мен студенттері Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосты.
Біздің ұрпақтарымыз ата-бабаларының даңқты дәстүрлерін лайықты түрде жалғастырып келеді. Әскери істер институтының оқытушылары Қазақстан Қарулы Күштерінің ең үздік өкілдерінің басшылығымен өздерінің мол тәжірибелері мен құнды дағдыларын жастарға үйрете отырып, еліміздің қауіпсіздігін тұрақты түрде нығайтып келеді.
Бүгін мен Әскери істер институтының басшысын, республиканың Қарулы Күштері жоғары басшылығының өкілі, запастағы генерал-майор Василий Несипказиевич Рысбаевты жаңа қызметке кірісуімен шын жүректен құттықтаймын және жаңа қызметіңізге сәттіліктер мен бар жақсылықтарды тілеймін!
Әскери істер институтының барлық қызметкерлеріне осы жетістіктерімен шектеліп қалмай, қазіргі қиын заманда әскери қызметті одан әрі абыроймен атқара берулеріне тілектеспін. Сіздерге және туған-туыстарыңызға зор денсаулық, таусылмас жігер мен жаңа табыстар тілеймін!
Игі құрметпен,
Сәтбаев университетінің
Ректоры Аппаратының Басшысы
Берік Мухтыбаев