24 тамыз 2021 7680

Әскери кафедраның 2021 жылғы конкурстан өту тәртібі

Сәтбаев университеті Әскери істер институтында 2021 жылғы қыркүйектің 1-нен 10-на дейінгі кезеңде запастағы офицерлер және сержанттар бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін студенттерді-кандидаттарды конкурстық іріктеу офлайн режимінде жүргізіледі.

Өтініш берген және медициналық куәландыру карталарын тапсырған студенттер кәсіби-психологиялық тест тапсыру және дене даярлығын тексеруден өтеді.

Кәсіби-психологиялық тест тапсыру әскери кафедраның базасында кестеге сәйкес өткізіледі.

Кәсіби-психологиялық тест тапсырудан өткен кандидаттар келесі кезең – дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға жіберіледі.

Дене даярлығын тексеру АОСК стадионында мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 6 Б, Назарбаев к-ң қиылысында кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурстың әрбір кезеңінен өтуге тек қана бір рет рұқсат етіледі. Конкурс кезеңдерінің қорытындыларымен келіспеген студент, сол күні жазбаша хатпен (еркін түрде) іріктеу комиссиясының төрағасына жолығады.

Әскери кафедраға және АОСК стадионына кіру QR-код Ashyq арқылы жүзеге асырылады.

Жарыс кестесі

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту