Ақпарат:

17 қыркүйек 2024 1175

Аутсайдер күші: Сәтбаев Университетінде inDrive жаһандық сервисінің негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томскиймен кездесу өтті

Аутсайдер күші: Сәтбаев Университетінде inDrive жаһандық сервисінің негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томскиймен кездесу өтті

Сәтбаев Университетінде өткен кездесуде Арсен Томский: «Әділетсіздікті көрсеңіз – стартап құрудың уақыты келді деген сөз», – деп, өз пікірін білдірді. InDrive көлік және қалалық қызмет көрсетуге арналған жаһандық платформаның негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томский «Негізгі кәсіпкерлік» тақырыбында сөз сөйлеп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Арсен – Якутияның жүргізушілеріне арналған шағын әлеуметтік желі жобасынан бастап, жаһандық бизнесті құра білген табысты бизнесмен, ол басқаларға жарқын үлгі бола алады. Ол жолаушылар мен жүргізушілерге арадағы делдалдарды айналып өтіп, жол жүру бағасын тікелей өзара келісуге мүмкіндік беретін қызмет құрудың зор әлеуетін көрді. Сөйтіп, негізін қалаушының күш-жігерінің арқасында inDrive қызметі Якутия мен Ресейдің шегінен шығып, 46 елдің 750 қаласында танымал қызметке айналды.

Кездесуде ол inDrive қызметін құру тарихымен, бизнеске деген көзқарасымен және әлеуметтік мәселелерді шешуге деген көзқарасымен бөлісті. Арсен Томскийдің жаңа жобаларының бірі – ластанған ауаны тазарту бойынша Алматы әуе бастамасы (Almaty Air Initiative) жобасы, бұл жобаға ол қызығушылық танытқан барлық мүдделі тараптарды шақырады. Ал Сәтбаев Университетінің ректоры осы өзекті мәселені шешуде өз ұйымының, студенттер мен еріктілердің көмегін ұсынған алғашқы адам болды. Арсен айналысатын тағы бір жоба – балаларды көшбасшылыққа үйрететін «Beginit» коммерциялық емес бастамасы.

Аутсайдер күші: Сәтбаев Университетінде inDrive жаһандық сервисінің негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томскиймен кездесу өтті

Кездесуге Сәтбаев Университетінің студенттері мен оқытушылары, алматылық кәсіпкерлер және университеттің достары қатысты. Әркім инклюзивті білім беруден бастап Қазақстандағы мүсін өнерінің тағдырына дейінгі өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тиісті жауабын алды. Бағдарлама аясында inDrive негізін қалаушысы сонымен қатар магистранттармен және докторанттармен жеке кездесу өткізді.

Арсен Томский жай ғана табысты кәсіпкер емес. Ол осы табысқа жету үшін көптеген қиындықтарды жеңіп шығып, керемет табандылық пен қайтпас қажырлылық көрсете білді, ал қазір өзінің ерекше ойлау қабілетімен және инновациялық шешімдерді табу қабілетімен де танымал болып отыр.

Бұл кездесу технологиялық индустрияның жетекші өкілдерінің біріне сұрақ қоюға және халықаралық бизнесті нөлден бастаған табысты адамнан құнды кеңес алуға бірегей мүмкіндік болды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту