Ай сайын 27 000 тенге берілетін шәкірақыларға конкурс жариаланды!
Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры ай сайын 27 000 теңгеден берілетін 17 студенттік шәкіртақыға конкурс жариялайды.
Бағдарламаға қатысушылар: қазақстандық ЖОО-да жаратылыстану, техникалық, медициналық және ақпараттық технологиялар мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2-3-курсында немесе магистратураның 1-курсында және интернатураның 1-курсында оқитын жасы 18-ден асқан студенттер, яғни Қазақстан азаматтары.
Ш.Есенов атындағы шәкіртақы конкурсына қатысу үшін талапкер:
1. Қордың сайтында (yessenovfoundation. org) көрсетілген онлайн-өтінішті толтыруы керек;
2. Өтінішке қоса тапсырылатын
Қажетті құжаттар:
1. Жеке куәліктің сканерден өткізілген нұсқасы;
2. «Қазақстан ғылымы үшін мен не істедім және істей аламын? Сіз үшін қайсы маңызды және неге?» деген тақырыпта үндеу (үндеу тек қана жазбаша түрде болуы керек);
3. Студенттің оқу үлгерімі жөніндегі транскрипт (GPA орташа балл 3,0-ден төмен болмау керек), 3,0-ден төмен балл көрсетілген өтініштер қарастырылмайды;
4. Магистратура студенті жоғары білімі туралы диплом көшірмесін (бакалавр, мамандық) ұсынуы керек.
Қосымша құжаттар:
5. Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан аспау керек*;
6. Әлеуметтік белсенділік танытқаны және еріктілер тобына қатысқаны жөніндегі сертификат – 3 сертификаттан аспау керек*;
7. Жарияланым – 2 жарияланымнан аспау керек*;
* Қор сертификаттардың шектеулі ғана санын қарастырады. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы тиіс.
Өтініштер Қор сайтында 2021 жылдың 25 қаңтарынан 26 ақпанына дейін қабылданады.
Өтініштерді қабылдау 2021 жылы 26 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де аяқталады (GMT + 6). Белгіленген мерзімнен кейін келіп түскен өтініштер қарастырылмайды.
Академик Ш.Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қорының шәкіртақылық конкурсы туралы ереже