Ақпарат:

22 қазан 2025 586

Азиядағы жетекші университеттің профессоры Сәтбаев университетіне дәріс оқуға шақырылды

Азиядағы жетекші университеттің профессоры Сәтбаев университетіне дәріс оқуға шақырылды

2025–2026 жаңа оқу жылында Сәтбаев университетінің Сәулет және құрылыс институтының «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасы мен Гонконгтың CityU университетінің филиалының студенттері үшін арнайы шақыртумен Сеул университетінің (SeoulTech, Оңтүстік Корея) профессоры, PhD докторы Ким Кванг Дон мырза дәріс оқиды.

PhD докторы Ким Кванг Дон — Сеулдегі ғылым және технологиялар университетінің (SeoulTech) және Ёнсе университетінің (Yonsei University, Оңтүстік Корея) «Азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша түлегі.

Профессордың кәсіби тәжірибесі Оңтүстік Корея, Лаос және Қазақстан елдерінде құрылыс және азаматтық инженерия саласындағы бетон материалдары мен конструкциялары бойынша 30 жылдық практикалық сараптаманы қамтиды. Сонымен қатар ол әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын (жолдар, көпірлер, туннельдер, әуежайлар, ғимараттар мен метро желілері) дамытуға атсалысқан.

2011 жылы Ким Кванг Дон «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомагистралін салу барысында бетон жабындарын қолдану бойынша сарапшы және техникалық кеңесші ретінде шақырылған болатын.

Сәтбаев университетінде шақырылған лектор ретінде профессор Ким Кванг Дон бакалаврлар мен CityU магистранттарына арналған «Бетон материалдары» пәні бойынша дәріс оқиды, сондай-ақ Сәулет және құрылыс институтының студенттерімен бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізеді. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері азаматтық құрылыс саласына енгізіліп, Қазақстанда бетон құрылымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа буын инженер-құрылысшыларын даярлауға бағытталып отыр.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту