10 ақпан 2021 2685

Байгенженов Өмірсерік – «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2020» байқауының жеңімпазы

Байгенженов Өмірсерік – «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2020» байқауының жеңімпазы

Биылғы жылғы байқауға республиканың 73 жоғары оқу орындарынан 623 үміткер қатысты. Оқытушылардың қызметін Республикалық сараптау комиссиясы бағалады, оның құрамына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасайтын «Adal Bilim»  жобалық кеңсесінің қызметкерлері, ғалымдар мен оқытушылар қатысты, олардың арасында өткен жылдарда «ЖОО-ның  үздік оқытушысы» атағына ие болған оқытушылар да бар. Бағалаудың негізгі критерийлері – оқытудың сапасын ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу қызметін де қамтитын сапалық және сандық көрсеткіштер.

Өмірсерік Сабыржанұлы Байгенженов осы байқауда Сәтбаев Университетінің абыройын мақтануға лайық түрде қорғай білді. Ол Сәтбаев университетінің металлургия факультетін 2009 жылы сәтті аяқтап, осы оқу орнына бірден магистратураға түсті. Сонымен қатар ол «Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді түрде қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМК- ның титан және ванадий зертханасында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

2011 жылы ол Колорадо тау-кен мектебімен (АҚШ, Голден қаласы) бірлескен бағдарлама бойынша Сәтбаев университетінің PhD докторантурасына металлургия мамандығына оқуға түсіп, докторлық диссертациясын сәтті түрде қорғап шықты.

Зерттеулерінің негізгі ғылыми бағыты – техногендік және кен шикізаттарын кешенді өңдеу технологиясын әзірлеу. Соңғы үш жылда Өмірсерік Байгенженов Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің республикалық бағдарламалары шеңберінде ғылыми жобаларға тікелей қатысып келеді және бірқатар ғылыми зерттеулердің орындаушысы болып табылады.

Өмірсерік Сабыржанұлы дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік шәкіртақының екі дүркін иегері атанды (2015 және 2019 жж.). Web of Science бойынша Хирш индексі = 2.0.

Өмірсерік Байгенженов:

«Мен өзімнің тәлімгерлерім – Жақсылық Әліпбайұлы Алыбаевқа, Владимир Алексеевич Лугановқа, Владиллен Александрович Козловқа, Алия Өмірханқызы Байқоңыроваға, Татьяна Чепуштановаға шын жүректен алғыс айтамын. Олар мені студенттік кезімнен бастап оқытып, жоғары білім алуыма және  осындай атақ-дәрежеге жетуіме көп көмектесті. Сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін оқытушылардың жұмысын жоғары бағалағаны және осы байқауды ұйымдастырғаны үшін Білім және ғылым министрлігіне зор алғыс білдіргім келеді. Мұндай конкурстар оқытушылардың одан әрі жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндіктер береді».

Ринат Искаков, академиялық жұмыстар жөніндегі Проректор:

«Мен Өмірсерік Байгенженовтің академиялық білімін жетілдіруге және кәсіби тұрғыдан өсуге деген ұмтылысын атап өткім келеді. Төрт жылдық ортақ жұмыс барысында мен болашағы зор жас ғалымның бойынан өз алдына жеке талаптар қоятын және проблемаларды өз бетінше шеше білетін, студенттер мен жастардың ұстазы мен тәлімгеріне дейін көтеріле алатын керемет талпынысын байқадым».

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту