Бегентаевтың 6-шілдеге құттықтау сөзі
Құрметті профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлер, білім алушылар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен құттықтаймын!
Астана бұл күнде тек елордалықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың мақтанышына, сүйікті қаласына айналды. Сәулеті мен сәнін естіген адам бір көруге ынтық болып жүрген дүниежүзілік шаһарлардың деңгейіне жетті. Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін. Ару қала- Астана! Бүгінгі елорда күні құтты болсын!
Тұңғыш Президентіміз айтып кеткендей «қабырғасымен ғана емес, адамдарымен де көрікті» Астана секілді жас қаласы бар еліміздің болашағы ашық та жарқын болсын! Керегесі кең, экономикасы тұрақты, саясаты сыр бүкпес, ешкімге тәуелсіз ел ретінде қалыптаса берейік!
Ізгі ниетпен,
Мейрам Мұхаметрахымұлы –
Басқарма Төрағасы – Ректор