Ақпарат:

9 желтоқсан 2020 8802

Бейжің технологиялық институтында оқуға арналған 3 грантқа конкурс жарияланады

Бейжің технологиялық институтында оқуға арналған 3 грантқа конкурс жарияланады

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Бейжің технологиялық институты China Scholarship Council (CSC) бағдарламасы аясында жыл сайын магистратура/докторантураға түсу үшін Сәтбаев университетінің соңғы курстағы студенттері мен магистранттарына арналған 3 гранттық орын бөлгені туралы хабарлайды.

Бағдарлама келесі шығындарды қамтиды:

  • оқу ақысы;
  • баспана;
  • кешенді медициналық сақтандыру;
  • ай сайынғы шәкіртақы (магистранттарға 3000 юань және докторанттарға 3500 юань).

Жол жүру шығандары қарастырылмаған.

Ағылшын тілінде магистратурада оқуға ұсынылатын бағдарламалар:

  • Аэронавтика және ғарыштық ғылым мен технологиялар
  • Машина жасау
  • Электрондық ғылым және технологиялар
  • Ақпараттық-коммуникациялық инженерия
  • Менеджменттің ғылымы және технологиясы
  • Информатика және технологиялар
  • Химиялық инженерия және технология
  • Химия

Докторантураның барлық бағдарламаларында ағылшын тілінде оқуға болады.

Шет тілін білуге қойылатын талаптар:

  • TOEFL – кемінде 80 немесе академиялық IELTS – кемінде 5.5.
  • Егер үміткер қытай тілінде оқығысы келсе, HSK-5 сертификатын өткізуі қажет.

Конкурсқа қатысуға өтінімді толтырып international_office@satbayev.university мекенжайына "BIT-де оқу үшін өтінім" тақырыбымен жіберуді сұраймыз. Өтініш 2021 жылдың 8 ақпанына дейін толтырылуы керек. Барлық сұрақтар бойынша мұнай ғимаратындағы (НК) 903-кеңсеге, Халықаралық ынтымақтастық бөліміне сағат 11:00-ден 12:30-ге дейін   8 727 292 90 19 нөміріне хабарласыңыз.

Бұл материал Satbayev University-дің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (UN 2030 Agenda for Sustainable Development) қосқан үлесі аясында дайындалды:
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту