Ақпарат:

8 қаңтар 2020 4793

Бейжің технологиялық институтында оқуға арналған 3 грантқа конкурс жарияланды

Бейжің технологиялық институтында оқуға арналған 3 грантқа конкурс жарияланды

Құрметті Сәтбаев университетінің студенттері мен магистранттары!

Бейжің технологиялық институты China Scholarship Council (CSC) бағдарламасы аясында магистратура/докторантураға түсу үшін Сәтбаев университетінің соңғы курстағы студенттері мен магистранттарына арналған 3 гранттық орын бөлгені туралы Халықаралық ынтымақтастық бөлімі хабарлайды.

Бағдарлама төмендегілерді қамтиды:

  • оқу ақысы;
  • баспана;
  • кешенді медициналық сақтандыру;
  • ай сайынғы шәкіртақы (магистранттар үшін 3000 юань және докторанттар үшін 3500 юань).

Жол жүру шығандары қарастырылмаған.

Жоғарыда аталған қаражат студенттерге Бейжің технологиялық институтында магистратурада (2 жыл) және докторантурада (4 жыл) оқу кезінде беріледі.

Ағылшын тілінде магистратурада оқуға ұсынылатын бағдарламалар:

  • Aeronautics & Space Science and Technology
  • Mechanical Engineering
  • Electronics Science and Technology
  • Information and Communication Engineering
  • Control Science and Engineering
  • Computer Science and Technology
  • Chemical Engineering and Technology
  • Chemistry
  • Law

Докторантураның барлық бағдарламаларына ағылшын тілінде қол жеткізуге болады.

Шет тілін білуге қойылатын талаптар:

  • TOEFL – кемінде 80 немесе академиялық IELTS – кемінде 5.5.
  • Егер үміткер қытай тілінде оқығысы келсе, HSK-5 сертификатын өткізуі қажет.

Конкурсқа қатысуға өтінімді толтыру

Өтініш 2020 жылдың 7 ақпанына дейін толтырылуы керек.

Барлық сұрақтар бойынша мұнай ғимаратындағы (НК) 903-кеңсеге, Жадыра Байназарға сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін хабарласыңыз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту