Ақпарат:

27 маусым 2025 407

Білім беру саласындағы «Автопилот»: жасанды интеллект басқаруды өз қолына алуда

Білім беру саласындағы «Автопилот»: жасанды интеллект басқаруды өз қолына алуда

Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірінде «Автопилот» атты пилоттық жоба іске қосылды – бұл Microsoft 365 Education, Polytech Online платформасы және mConnect+ жаңа шешімінің интеграциясына негізделе жасалған инновациялық жүйе. Жоба цифрландыру заманында білім берудің басты мәселесі – студенттердің үй тапсырмаларын орындауда генеративті жасанды интеллектті жаппай қолдану салдарынан академиялық адалдықтың бұзылу жолдарын шешуге бағытталған.

Тәжірибе көрсеткендей, ChatGPT және Copilot сияқты құралдар кез келген пәннің емтихандарын үздік бағаға тапсыруға қабілетті. Бұл жағдай дәстүрлі оқыту және білімді бағалау әдістерінің тиімділігіне күмән келтіріп отыр.

«Автопилот» жүйесі бұған балама ұсынады – білім беру үдерісін толықтай цифрлық бақылауға алу. Студенттер сабақ кестесіне сәйкес оқиды және әр сабақты екі камера арқылы – ноутбук пен смартфон камерасы арқылы видеоға жазып отырады. Дәрістер PowerPoint форматында алдын ала дайындалып, Microsoft Teams арқылы студенттерге автоматты түрде жіберіледі. Дәрісті көргеннен кейін және Polytech Online жүйесінде тест тапсырған соң, студенттер практикалық тапсырмаларды орындайды, әрі бұл процесті дәптерге жазып, шешімдерін камераға көрсетеді.

Барлық мәліметтер – бейнематериалдар, тест нәтижелері, селфи – автоматты түрде Microsoft Azure бұлтты жүйесіне жүктеліп, құрылымдалып сақталады. Бұл оқытушыға жазбаларды жедел түрде тексеруге мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда тексеруді ассистенттер де орындай алады. Ал жүйе студенттің сабаққа қатысу-қатыспауы немесе алдауға тырысуы сияқты өрескел қылықтарын шұғыл түрде анықтауға мүмкіндік береді.

«Автопилот» жобасын жасауға шабыт берген – «Halyk Bank» тәжірибесі болды. Онда Microsoft 365 Enterprise жүйесі негізінде жасалған ұқсас жүйе қатаң қаржылық жауапкершілік жағдайында өзінің тиімді екендігін дәлелдеп берді.

Енді оқытушы дәріс өткізу үшін сабаққа тікелей қатысуы міндет емес: оның міндеті – дәрістік материалды күнібұрын дайындау, тесттерді құрастыру және жазбаларды іріктеп тексеру. Ал «Автопилот» күнделікті тапсырмаларды автоматтандырып, оқу тәртібін бақылауды бұрын-соңды болмаған қатаң деңгейге жеткізді.

Көктемгі семестр үміт күттіретін нәтижелер көрсетті: дәрістер мен студенттердің өздік жұмыстарына тікелей бақылау жасалмаса да, орташа балл тұрақты күйде қалып отыр. Жоба авторларының пікірінше, толық бақылау жүйесін енгізу оқу үлгерімін айтарлықтай арттырады.

Банк саласында тексеріліп, сынақтан өткен технологиялардың білім беру жүйесіне тиімді бейімделе алатындығын «Автопилот» жобасы көрсетіп, жоғары оқу орындары жүйесін цифрландыруда жаңа кезең ашып отыр.

«Автопилотпен» жүргізілген оқыту процесі

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту