11 сәуір 2024 1665

Білім беру және өнеркәсіп: Baker Hughes пен Сәтбаев Университеті ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастады

Білім беру және өнеркәсіп: Baker Hughes пен Сәтбаев Университеті ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастады

Өнеркәсіп пен академиялық қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам жасауда энергетикалық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы Baker Hughes компаниясы мен Қазақстанның жетекші техникалық университеттерінің бірі – Сәтбаев Университеті өзара түсіністік туралы жаңа меморандумға қол қойғанын мақтанышпен хабарлайды. Бұл айтулы келісімге ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында қол қойылғаны екі ұйым арасындағы терең де көп қырлы серіктестік қарым-қатынастың негізін қалайды.

Қол қою рәсіміне Baker Hughes компаниясы тарапынан Еуропадағы және Каспий аймағындағы сату жөніндегі атқарушы директор Фабио Брогини, Каспий өңірі бойынша аймақтық директоры Антон Черников, Орталық Азия мен Каспий аймағында сату мен бизнесті дамыту жөніндегі директоры Рүстем Наушиев және Каспий аймағында сату жөніндегі менеджер Қайрат Бату қатысты. Ал Сәтбаев Университеті тарапынан меморандумға ректор Мейрам Бегентаев қол қойды.

Өзара түсіністік туралы меморандум Сәтбаев Университетінде студенттерге сапалы білім беріп, болашақ мамандарды даярлау саласы бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас жасауды және олардың тағылымдамадан өтуін, Baker Hughes компаниясының кәсіби мамандарының семинарлары мен дәрістерін, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды көздеуді қамтиды.

Бұл келісімшарт өнеркәсіптік ортада тікелей тәжірибе арқылы студенттердің кәсіп таңдауын жеңілдетуге бағытталған. Екі ұйым да бұл серіктестік қарым-қатынас студенттердің болашақта кәсіби өсуіне және табысты мансап жолына түсуіне ықпал ететін баға жетпес тәжірибе мен сапалы білім алуға мүмкіндік беретін жаңа көкжиектерді ашады деп сенім білдірді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту