Ақпарат:

26 қыркүйек 2017 10215

Білім мен тәжірибені ұштастырудың жаңа сатысы

Білім мен тәжірибені ұштастырудың жаңа сатысы

2017 жылдың 15 қыркүйегінде Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Ө. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты жанындағы Консультациялық кеңестің отырысы өтті. Бұл іс-шара университет пен «Кен байыту және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық ассоциациясы» арасындағы ынтымақтастықты дамудың жаңа сатысына көтерді.

ҚазҰТЗУ-дың академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Р.М. Искаковтың басшылық етуімен университет өкілдері, бакалавриат және магистратура түлектері осы іс-шара аясында өндіріс орындарының өкілдерімен кездесті. Қатысушылар металлургия саласына қажетті мамандар даярлауды, өндіріс орындарында студенттерді тәжірибеден өткізу мәселелерін, жұмыс жоспарын өндіріс талаптарына сай етіп қайта қарау мәселелерін, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі университет пен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастық байланысты талқылады.

Кездесу барысында оқу жоспарын өндіріс орындарындағы эксперттердің талаптарына сай етіп түзету қажеттігі туралы шешім қабылданды. Есесіне кәсіпорындар өздерінде тәжірибеден өткен студенттердің оқу үлгерімдері бойынша жарыстар өткізіп, кафедрамен байланысын одан әрі арттыруға, сөйтіп тәжірибеден өту ісіне өте мұқият әрі тыңғылықты қарайтын болып келісті.

Ал мамандарды іріктеп алу үдерісін жаңадан ашылған интернет-портал жүргізе алады, өйткені мұнда тау-кен саласына қатысты барлық кәсіпорындардың тізімі мен ҚазҰТЗУ студенттеріне олардың ұсынған қызмет орындары тіркелген. Портал сонымен қатар студенттер үшін онлайн-дайындық жүйесін модульдік негізде жасауға мүмкіндік береді, сөйтіп өз кезегінде олардың оқуға деген ынтасын арттырып, өндірісте өз шеберліктерін шыңдауға талпындырады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту