Ақпарат:

1 наурыз 2023 4190

Бірінші кезекте – қауіпсіздік: Политех төтенше жағдай ережелерін үйренуде

Бірінші кезекте – қауіпсіздік: Политех төтенше жағдай ережелерін үйренуде

1 наурыз күні Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында Сәтбаев Университетінде төтенше жағдайлар кезінде ақпараттық технологиялардың атқаратын рөліне арналған ауқымды оқу-жаттығулар мен көрме өтті. Оқу-жаттығуларға университет қызметкерлерімен, студенттермен қатар Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау штабтары, сондай-ақ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қатысты.

Университеттің Бас оқу ғимаратының алдында өрт сөндіру және апат кезінде қолданылатын құтқару техникасының көрмесі өтті. Іс-шара университет студенттері мен қызметкерлерін өрт кезінде ғимараттан қауіпсіз жерге көшіру бойынша практикалық жаттығулардан басталды.

Политех отрабатывает поведение при чрезвычайных ситуациях

Политех отрабатывает поведение при чрезвычайных ситуациях

Көрмеге кинологтар, өрт сөндіру мотоциклдері, жедел жәрдем қызметінің көлігі, квадрокоптер және басқа да құтқару құралдары қойылды, Қызыл жарты ай қоғамы қатысушыларға жадынамалар таратып, оқу кешендерін көрсетті. Сейсмология институты мен I2NIK компаниясы күшті жер сілкінісі туралы тереңдетілген дәріс оқыды.

Көрменің ең маңызды сәті – студенттерге жоғары баллдық жер сілкінісі ғимараттарға қалай әсер ететінін көруге мүмкіндік беретін жылжымалы жер сілкінісі симуляторы болды. Сонымен қатар қатысушылар өрт сөндіру кранымен 25 м биіктікке көтеріліп, құтқарушылар өртті сөндіру кезінде не сезінетінін өздері де сезінуге мүмкіндік алды.

Политех отрабатывает поведение при чрезвычайных ситуациях

Тәжірибе көруден басқа студенттер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы білім алды, жер сілкінісі кезінде қажет болатын 10 қадамды үйренді, дабыл чемоданын қалай жинау керектігін, сонымен қатар «Дәрмен» ұялы қосымшасының жұмыс істеу принциптерін біліп шықты. Алдағы уақытта студенттер мен қызметкерлер университетте дәл осы күні ашылған «Кешенді қауіпсіздік» оқу кабинетінде төтенше жағдайлар кезіндегі тәуекелдер туралы ақпарат алатын болады.

Сәтбаев Университеті өз студенттері мен қызметкерлерінің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуді жалғастырып келеді және қауіпсіздік жүйесі бүкіл ел бойынша аса маңызды екендігін жақсы түсінеді. Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерін қолдау мақсатында университет Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жою және құтқару операциясына қатысқан құтқарушыларды тегін оқытуға бес білім беру грантын бөліп отыр.

Төтенше жағдайларға арналған жаттығулар тек көңілді іс-шара ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайда адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесетін терең білім мен маңызды дағдыларға толы болды. Әрі бұл барлық қатысушылар үшін баға жетпес мол тәжірибе болды!

Политех отрабатывает поведение при чрезвычайных ситуациях

Политех отрабатывает поведение при чрезвычайных ситуациях

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту