3 қазан 2017 10314

Бірінші курс үшін нағыз студенттік жылдар басталды

Бірінші курс үшін нағыз студенттік жылдар басталды

2017 жылы 1 қазан күні Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың биылғы бірінші курс студенттері Есік көліне саяхат жасап, тамаша табиғатта алғаш рет серуендік сағатын өткізді. Бірінші курстың 400-ге жуық студенті 8 автобуспен ақ қар жамылған Алатауға бет алды. Олардың көпшілігі мұндай көрікті де көркем, сұлу табиғат аясына бірінші рет шығып тұрғандарын жасырмады.

Серуендік сағаттың бағдарламасы өте маңызды да мазмұнды болды: спорттық ойындар, қанатқа тартылу, әртүрлі жарыстар ұйымдастырылып, студенттер асық ойнады, би билеп, ән салды. Олар мамандықтары бойынша екі топқа бөлініп, әр топқа ерікті студенттер көмек көрсетті. Ал қазанға піскен өзбек палауы таза ауада бойға сіңімді болды.

Бірінші курс үшін нағыз студенттік жылдар басталды Бірінші курс үшін нағыз студенттік жылдар басталды

Әсем Алатаудың биік қойнауынан орын алған Есік көлінің киелі, тамаша табиғаты серуендік сағат өткізу үшін әдейі таңдап алынды. Жергілікті тұрғындар Есік өзенін Жасыл көл деп атайды. Шынымен де, көл суының түсі ауа райына және күн сәулесінің түсуіне қарай көгілдір тартып, өзгеріп отырады.

Бірінші курс үшін нағыз студенттік жылдар басталды Бірінші курс үшін нағыз студенттік жылдар басталды

Шуақ пен шаттыққа толы осы бір сәтті күннен бастап студенттер алдағы қиындығы мен қызығы мол студенттік жылдарға аяқ басқандай болды. Тамаша табиғат аясында эдвайзерлер, студенттік ұйымдардың өкілдері де бірінші курс студенттерімен пікір алмасып, бұдан әрі бір-бірімен қоян-қолтық араласатын болып келісті. Осындай қызықты да әсерлі жағдайда басталатын қарым-қатынас өмір бойы адамның жадында сақталатыны белгілі.

Ал мұндай серуенді ұйымдастырып, барлығына тамаша сәт сыйлаған Базалық білім беру институтының басшылығына, ұйымдастыру комитетіне, дене шынықтыру кафедрасына және 2-курстың ерікті студенттеріне мың алғыс!

Бірінші курс үшін нағыз студенттік жылдар басталды Бірінші курс үшін нағыз студенттік жылдар басталды

Бірінші курс үшін нағыз студенттік жылдар басталды Бірінші курс үшін нағыз студенттік жылдар басталды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту