Ақпарат:

4 маусым 2021 7296

Бірінші техникалық университет: «Политех» Қазақстан Республикасының техникалық жоғары оқу орындары арасында көшбасшылығын сақтап қалды

Бірінші техникалық университет: «Политех» Қазақстан Республикасының техникалық жоғары оқу орындары арасында көшбасшылығын сақтап қалды

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі үш жыл қатарынан  Сәтбаев университетінің елдің ең үздік техникалық университеті мәртебесін растап келеді. Ұлттық (жалпы) рейтингтің нәтижелері ағымдағы жылдың 3 маусымында жарияланды, агенттік Сәтбаев Университетін 100-ден 95,87 баллмен бағалады.

2020 жыл Қазақстанның жоғары білімі үшін сыни жылдардың бірі болды. Көптеген университеттер қашықтықтан білім беруге көшті, білім беру бағдарламаларын жаңартты, Ақпараттық технологиялардың маңызы біртіндеп еселене бастаса, ескі тәсілдер біртіндеп өзектілігін жоғалтты. Сондықтан IQAA 2021 рейтингі әдіснамасы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Агенттіктің назары жоғары оқу орындарының жаңа уақыттың сын-қатерлеріне жауап беру қабілетін бағалауға бағытталды. Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындары бұндай жаңа жағдайларға бейімделе алмады, сондықтан техникалық жоғары оқу орындарының рейтингісіне барлығы 11 университет ілінді.

Сәтбаев университеті оқу және инновациялық үдерістің дәстүрлі сапасын жоғалтпай, жаңа болмысқа барынша тиімді бейімделген жоғары оқу орындарының қатарына кірді. Осы жылдың ақпан айында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы Сәтбаев университетін жаппай ашық онлайн курстар бойынша көшбасшы деп таныды.

Университеттің "Академиялық ресурстар және жұмысқа орналасу нәтижелері" бағыты бойынша ең жоғары бал - 80 баллға ие болуы таңқаларлық емес. Сәтбаев университетімен қатар тек үш ЖОО — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, КИМЭП және Абай атындағы ҚазҰПУ - дәл осындай нәтижелерге қол жеткізді.

IQAA - қазақстандық және шетелдік оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі мен білім беру сапасын нығайту мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым. IQAA Академиялық саралау және басымдық бойынша халықаралық обсерваториясының (IREG) тең құрылтайшы - ұйымы болып табылады. 2008 жылдан бастап агенттік жыл сайын еліміздің үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингін жасайды.

IQAA рейтингі келесі бесеуіне негізделеді: ЖОО-ның академиялық қызметін бағалау және сарапшылардың, жұмыс берушілердің, студенттер мен түлектердің бағалары. Зерттеу аясында 2021 жылы IQAA студенттерге, түлектер мен жұмыс берушілерге сауалнама жүргізді. Респонденттер Қашықтықтан оқытудың артықшылықтарын және қашықтықтан оқыту кезінде назар аударуды талап ететін әлеуметтік дағдылардың маңыздылығын атап өтті.

Рейтингтердің әдіснамасы және толық нәтижелері IQAA ресми сайттында ұсынылған.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту