Біз бірге біріксек, күш боламыз: Сәтбаев Университетінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне арналған конференция өтті
Сәтбаев Университетінде Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне арналған «Білім беру жөніндегі және университеттердің 3-ші миссиясы, тұрақтылық пен даму конференциясы» өтті. Оны Сәтбаев Университетінің Инклюзивті білім беру орталығы AlmaU университетімен бірлесе отырып ұйымдастырды, ал басқарған – университеттің Басқарма төрағасы–ректор Бегентаев Мейрам.
Конференцияға бизнес, академиялық және мемлекеттік ұйымдардың мамандары қатысып, білім беру саласындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерінің шешімін табу үшін бірлесіп жұмыс істеді. AlmaU университетінің ғылым жөніндегі проректоры Бақытжан Саркеев, Сәтбаев Университеті жанындағы Инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Диляра Урманова, «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қорының президенті Лашын Төрегелдиева, Мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналардың АРДИ қауымдастығы өнер орталығының директоры Ринат Мұхаметшин, AlmaU университетінің сарапшылары Аврора Диаз-Солоага, Альберто Фриджерио және басқа мамандар өз баяндамаларын көпшілік назарына ұсынды, ал Insight мектебі көрмеге арналған фотосуреттерін ұсынды.
Қатысушылар инклюзивті білім беру саласындағы өз тәсілдерімен, патенттік әдістерімен және жаңалықтарымен бөлісіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың жоғары білім алу мәселелерін қалай шешетіні туралы әңгімеледі.
Конференция жылы жұмыс жағдайында өтті. Көптеген баяндамашылар ерекше талапты қажет ететін адамдарды оқытуға арналған техникалық аспектілер мен инфрақұрылымнан басқа, мұндай жандарға сапалы білім алуға көмектесіп, қолдау жасайтын атмосфера, яғни арнайы орта қалыптастыру өте маңызды екенін атап өтті. Конференцияда «Адамгершілік – әрбір адамның басқа адамдардың тағдырына араласа білуі», – деді конференция барысында университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бақыт Жәутіков.
Конференцияда талқыланған тағы бір тақырып – онкологиялық науқастарға қолдау көрсету болды, оларға паллиативтік көмек көрсету тақырыбына бірнеше баяндамалар арналды. Ал сонымен бірге талқыланған тағы бір медициналық тақырып – Паркинсон және Альцгеймер ауруы бар науқастарды нейрореабилитациялау болды.
Конференция қатысушылар арасында үлкен резонанс тудырды. Өзара байланыс жасау мен пікір алмасу нәтижесінде Сәтбаев Университетінің Инклюзивті білім беру орталығы мен InDrive компаниясы арасында өзара түсіністік пайда болды, ал университет студенттері осы компанияның ерекше талапты қажет ететін адамдарға арналған қосымшасымен жұмыс істеуде. Екі жақ тараптар ынтымақтастық жөніндегі келіссөздерді жалғастыруға ниетті.