17 мамыр 2024 1960

Болашақ геологтар үшін шабыт: Сәтбаев Университетінде Қаратай Тұрысовқа арналған дөңгелек үстел өтті

Болашақ геологтар үшін шабыт: Сәтбаев Университетінде Қаратай Тұрысовқа арналған дөңгелек үстел өтті

Сәтбаев Университетінде Қазақстан Республикасының белгілі геолог-ғалымы, экономист, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Геологиялық саланың даму мәселелері мен болашағы: Білім–ғылым–өндіріс» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш іс-шара өте жоғары деңгейде өтті – шақырылған қонақтардың қатарында Мәжіліс депутаттары, ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, еліміздің саяси және қоғам қайраткерлері болды. Қонақтар Қ.Тұрысов атындағы дәрісхананың салтанатты түрде ашылуына қатысып, оның бюст-ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Дөңгелек үстелді Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев құттықтау сөзімен ашып:

– Қаратай Тұрысовтың бүкіл өмірі мен тағдыры – халқына, еліне қызмет етудің үлгі-өнегесі. Оның қызметі Тәуелсіз мемлекетіміздің жеткен жетістіктерінің негізін қалады, – деді.

Жиынға қатысушылар елімізге ерен еңбек сіңірген геолог, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың еңбек жолын жан-жақты суреттеген деректі фильмді тамашалады. Ғалым Көктасжал кен орнын ашушылардың бірі ретінде де өте танымал, ол «Қазақстанның құрметті жер қойнауын барлаушысы» атағын алған. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, Бүкілодақтық кәсіподақтар Орталық кеңесінің хатшысы, Мемлекеттік кеңесші, Қазақ КСР Премьер-министрінің орынбасары қызметтерін, әртүрлі министрліктерде министр қызметтерін атқарды, кейін Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші және екінші сайланған Мәжілісінің мүшесі болды, ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен және басқа да марапаттармен марапатталған.

Жиын барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ақылбек Күрішбаев пен Бақытжан Жұмағұлов, Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, академик Досым Сүлеев және басқа да белгілі ғылым және қоғам қайраткерлері сөз сөйледі. Қонақтар осынау ұлы тұлға туралы естеліктерімен бөлісіп, Қазақстанның геология сияқты маңызды саланың болашағы туралы ойларын ортаға салды, өйткені Қаратай Тұрысұлы дәл осы геология саласын ұйымдастырып, оның дамуына сүбелі үлес қосқан болатын.

Дөңгелек үстел сондай-ақ Сәтбаев Университетінің жас ғалымдары арасында да үлкен қызығушылық тудырды, олардың атынан Қаратай Тұрысов атындағы стипендияның иегері, 3-курс докторанты Мәдина Құрманғажина сөз сөйлеп:

– Қаратай Тұрысов атындағы шәкіртақының иегері ретінде өзімнің ғылыми зерттеу жұмыстарым мен ұстаздық қызметіме қосқан зор үлестеріңіз үшін сіздерге, аға буын ғалымдарға зор алғыс білдіремін! Себебі білім мен ғылымның жолында сіздер үздіксіз еңбек етіп жүрсіздер, сол үшін де сіздерге мың алғыс! – деді.

Пленарлық отырыс соңында Қаратай Тұрысовтың жұбайы Әскергүл Жанбайбекқызы сөз сөйлеп, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға Қаратай Тұрысов атындағы шәкіртақы мен ақшалай сыйлықтың сертификаттарын табыс етті және атақты жары туралы естеліктерімен бөлісіп, геологтардың жас буынына сәттілік тіледі.

Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін Қолданбалы гидрогеология ғылыми орталығының ашылуы болды, ол ғылыми қауымдастықтың біріктіруші рөліне, ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық даму жолындағы жетекші елдердің тәжірибесіне негізделіп, Қазақстанның минералдық-шикізаттық базасын және су қауіпсіздігін нығайтуда келесі маңызды қадам болмақ.

Болашақ геологтар үшін шабыт: Сәтбаев Университетінде Қаратай Тұрысовқа арналған дөңгелек үстел өтті

Болашақ геологтар үшін шабыт: Сәтбаев Университетінде Қаратай Тұрысовқа арналған дөңгелек үстел өтті

Болашақ геологтар үшін шабыт: Сәтбаев Университетінде Қаратай Тұрысовқа арналған дөңгелек үстел өтті

Болашақ геологтар үшін шабыт: Сәтбаев Университетінде Қаратай Тұрысовқа арналған дөңгелек үстел өтті

Болашақ геологтар үшін шабыт: Сәтбаев Университетінде Қаратай Тұрысовқа арналған дөңгелек үстел өтті

Болашақ геологтар үшін шабыт: Сәтбаев Университетінде Қаратай Тұрысовқа арналған дөңгелек үстел өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту