«Болашақ инженерлері» бизнес-инкубаторы жұмысын бастады
5 маусымда "Болашақ инженерлері" бизнес-инкубаторы өз жұмысын бастады. Іс-шараны ҚазҰТЗУ Е. Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институты «International Centre of Advanced Education" және "MOST Business Intelligence" компанияларымен бірлесіп өткізеді.
Бір ай бойы тәжірибелі жаттықтырушылар, сарапшылар және бизнес-трекерлер 30 үздік командаға MVP-ге дейін өз идеяларын жүзеге асыруға көмектеседі. Инкубаторға қатысуға дайын инженерлік идеялары бар командалар және әлі идеялары жоқ командалар таңдалды. Әсіресе соңғы қатысушылар үшін серіктестеріміз инженерлік бағытта қызықты челлендждер дайындады.
Бірінші серіктес ретінде "Alageum Electric "компаниясынан" «Alageum Electric" Басқарма Төрағасы Стваев Нұржан Адасбайұлы және " Alageum Electric " – HR директоры Ли Наталья Николаевна қатысты.
Екінші серіктес ретінде "Robosharing" компаниясы атынан Бас директор Панченко Даниил Дмитриевич өз челленджін ұсынды.
Оқыту және трекинг бір ай өтеді. Аталған іс-шараға қызығушылық танытқандарды 2 шілдеде DemoDay-ге шақырамыз. Бұнда командалар өздерінің прототиптері мен шешімдерін көрсетеді.