Болашақтың келбеті: Физика-техникалық институтта күн батареяларының жаңа буынын шығаратын цех ашылды
Физико-техникалық институтта «Гетероструктуралық күн батареялары негізінде күн модульдерін шығаратын тәжірибелік-өнеркәсіптік цех» салтанатты түрде ашылды. Жоба «ТехноГруппСервис» компаниясымен бірлесіп, Ғылым қорының қолдауымен жүзеге асырылды.
Ашылу салтанатына жобаның негізгі тұлғалары, атап айтқанда, Физико-техникалық институттың директоры Омархан Елемесов, жоба жетекшісі Николай Чучвага және «ТехноГруппСервис» компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Жомарт Момынбаев қатысты, солардың қолдауының арқасында бұл жоба жүзеге асып отыр.
Цех дәстүрлі мақсатта ғана жұмыс істеп қоймай, сонымен қатар ғимараттың қасбеттері мен терезелерінің элементтері ретінде де қолдануға болатын панельдердің жаңа буынын шығаратын болады. Панельдердің дизайнын тұтынушының өтініші бойынша, әрі қолданыстағы дизайнға бейімдей отырып өзгертуге болады. Бұл инновациялық шешімдер күн панельдерін энергия өндіру мақсатында пайдалануға және ғимараттың эстетикасын сақтай отырып, сәулетпен біріктіруге, сөйтіп архитектура саласында қолдануға мүмкіндік береді.
Күн модульдерін өндіруді Ғылым қоры технологияларды коммерцияландыру гранты аясында қаржыландырды, жыл соңына дейін өнімнің алғашқы партиясы нарыққа шығады. Бұл құрылыста жоғары технологиялық қасбеттік шешімдерді жаппай қолдануға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Цех стандартты сериялық панельдерді де, сәулеттік жобалар үшін стандартсыз бейімделген шешімдерді де шығаруға арналған, бұл күн энергиясының озық технологияларын күнделікті өмірге және бизнеске енгізуге мүмкіндік береді.
Цехтың іске қосылуы – Қазақстанның тұрақты дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын отандық күн энергетикасын дамытудағы елеулі қадам болып табылады.