Ақпарат:

24 ақпан 2025 1398

«Болашақтың хакерлері»: Сәтбаев университеті киберқауіпсіздік бойынша байқау өткізді

«Болашақтың хакерлері»: Сәтбаев университеті киберқауіпсіздік бойынша байқау өткізді

Сәтбаев университеті цифрлық шайқастардың эпицентріне айналды – мұнда ақпараттық қауіпсіздік бойынша «Satbayev University Capture The Flag 2025» (SUCTF-2025) атты республикалық турнир өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 38 команда құрамындағы 150 студент үздік атақ алу үшін бақ сынасты, сөйтсе де жеңісті еліміздің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының студенттері жеңіп алды.

SUCTF-2025 жеңімпаздары:

  • 1-орын – «MG.RT» командасы (Satbayev University): Бекзат Джангасиев, Әміржан Қуаныш, Бейсебай Қуандықов
  • 2-орын – «Mimicats» командасы (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ): Ильяс Қарагойшиев, Аян Ермекбаев, Елдос Мендуахас, Алан Галиев
  • 3-орын – «Kbtu_ctf_enjoyers» командасы (ҚБТУ): Бауырғазы Алимғазы, Ернұр Төлеуқан, Ерлан Есенұлы, Дмитрий Аникеев.

Сондай-ақ турнирдің ең үздік «Техно әйел» әйелдер командасына арнайы сыйлық табыс етілді.

Байқау барысында қатысушылар деректерді қорғау, криптография, кері инженерия және осалдықты анықтау бойынша күрделі тапсырмаларды шешті. Сонымен қатар студенттер киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылармен өзара тілдесіп, осы саланың трендтері туралы біліп алды.

SUCTF-2025 республикалық байқауын Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының «Киберқауіпсіздік, ақпаратты өңдеу және сақтау» кафедрасы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ «AST Cyber ​​​​Lab», «MONT TECH», «Centurion IT» компанияларының қолдауымен өткізді. Ал байқаудың бас демеушісі «Kaspi bank» болды.

SUCTF-2025 Сәтбаев университетінің киберқауіпсіздік саласында жоғары білікті мамандарды дайындайтын орталық екендігі жөніндегі мәртебесін тағы да бір рет растады. Ал бүгінгі турнир жеңімпаздары – цифрлық әлемнің білімі мен біліктілігін жоғары деңгейде көрсетіп үлгерген болашақ қорғаушылары.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту