29 қазан 2020 4716

Британдық THE басылымы әлемдегі ең үздік университеттер тізімін жариялады

Британдық THE басылымы әлемдегі ең үздік университеттер тізімін жариялады

Әлемнің түкпір-түкпірінен 1512 жоғары оқу орны кіретін «Times Higher World University Rankings 2021 by subject» ең беделді пәндік рейтингтің біріне Қазақстанның үш университеті – Сәтбаев Университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті енгізілген.

THE * WUR 2021 by subject рейтингісінің есепті кезеңінің нәтижелері бойынша Сәтбаев Университетінің ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік және білім беру нәтижелерін екі беделді пәндік категория бойынша жоғары бағалады, олар – «Physical Sciences» және «Engineering and Technology». 

Сәтбаев Университеті «Physical Sciences» санаты бойынша 601–800 диапазонындағы орындарға ие бола отырып, сәтті дебют жасады, аталған санат химия, геология, экология, жер және теңіз ғылымдары, математика және статистика, физика және астрономия пәндерін қамтиды.  Сонымен қатар 801–1000 диапазонындағы «Engineering and Technology» санаты бойынша да орындарға ие болды, бұл санатқа химия инженериясы, азаматтық құрылыс, электротехника және электроника, жалпы инженерия, машина жасау және ұшақ жасау жатады.

Университеттердің рейтингісін саралау барысында білім беру сапасының көрсеткіштері, ғылыми басылымдардың саны мен сапасы, сондай-ақ әр пән категориялары бойынша өнеркәсіп пен коммерциялық секторға арналған зерттеулерден түскен кірістер ескеріледі.

Рейтингтке енген барлық университеттер мұқият таңдап алынатынын және әлемдегі ең үздік оқу орындарының қатарына енетінін атап өту маңызды.

* THE (Times Higher Education)  World University Rankings (Дүниежүзілік университеттер рейтингісі) – барлық негізгі қызмет бағыттары бойынша қарқынды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін университеттердің ғаламдық рейтингісі.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту