10 ақпан 2017 9952

«Бүгін менің туған күнім…»

«Бүгін менің туған күнім…»

Жуырда ҚазҰТЗУ қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың сексен алтыншы мерейтойы «Бүгін менің туған күнім…» атты поэзия кешімен атап өтілді. Аталмыш іс-шараны қазақ және орыс тілі кафедрасының «In pricipio erat verbum» әдеби клубы ұйымдастырды. Кеште М. Мақатаевтың халыққа таныс көптеген өлеңдері оқылды, күмбірлеген күй шертіліп, ән айтылды.
Кештің екінші бөлімі Мұқағали өзіне жақын көрген орыстың белгілі ақыны Сергей Есенинге арналған «Әй, Сергей» өлеңімен басталды. Кешке қатысқан студенттер С. Есениннің де өлеңдерін оқып, екі елдің ақындарының шығармашылығында бір ұқсастық бар екенін көрсете білді.
Кештің соңында А. Машани атындағы Базалық білім беру институты директорының орынбасары Лаура Анарбек сөз сөйледі. «In pricipio erat verbum» әдеби клубы ұйымдастырушылары – қазақ және орыс тілдер кафедрасының оқытушылары Нұргүл Танкиева, Татьяна Павлова, Камила Кунапияева.

ББИ

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту