БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты координаторы Микаэла Фриберг-Стори Сәтбаев Университетіне келді
11 қазан күні БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты координаторы Микаэла Фриберг-Стори әйгілі Политехқа келіп, алдағы ынтымақтастық қарым-қатынас перспективаларын, соның ішінде БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы мәселелерді талқылады.
Кездесуге БҰҰ-ның серіктестік жөніндегі кеңесшісі Дина Хасанова, университет ректоры Мейрам Бегентаев, Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректор Ержан Көлдеев, Жобаларды басқару институтының директоры Бақытжан Амралинова, Коммерцияландыру және халықаралық ынтымақтастық кеңсесінің басшысы Әлия Ақатаева мен осы кеңсенің бас менеджері Мейіржан Әбдіров қатысты.
Мейрам Бегентаев қадірлі қонақты университет ұжымымен таныстырып, Жанна Төлегеноваға сөз берді. Өз кезегінде ол университеттің көптеген жобаларын ұсынды, атап айтқанда, Тұрақты даму мақсаттары кеңсесі жанындағы Скаут орталығы, су ресурстары бойынша жоспарланған халықаралық форсайт немесе «Жасыл ел» жастар экологиялық қозғалысы.
- Біз қандай қалада тұрып жатқанымызға, ұрпақтарымызға қандай ел мен қандай планета қалдыратынымызға жауапкершілікпен қарау біз үшін өте маңызды», - деді ол өз сөзінде. – Бұл жұмысқа әркім өз пікірімен атсалысып, жүрегімен жауап береді.
Университет өкілдері қонақтарға кампусты аралатып, экскурсия жасады, ал Микаэла Фриберг-Стори университетті БҰҰ-ның Жаһандық шартына кіруімен және Тұрақты даму мақсаттарын жетілдіру саласындағы тамаша жұмыстарымен құттықтады.
БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты координаторының кеңсесі БҰҰ Тұрақты координаторының стратегиялық жетекшілігімен жұмыс істейді және ол барлық мүшелердің БҰҰ Елдік тобының (СГООН) консультацияларына және шешімдер қабылдау процестеріне толық қатысуын қамтамасыз ететін тетіктерді құру мен енгізуді қолдайды, сондай-ақ тұрақты байланыс пен ақпарат алмасу арқылы хабарланып отырады.