Ақпарат:

14 қазан 2025 268

CityU Hong Kong университеті Директорлар кеңесінің төрағасы Сәтбаев университетінің Құрметті профессоры атанды

CityU Hong Kong университеті Директорлар кеңесінің төрағасы Сәтбаев университетінің Құрметті профессоры атанды

Сәтбаев университетінде CityU of Hong Kong университеті Директорлар кеңесінің төрағасы, халықаралық деңгейде танылған қаржыгер Майкл Нгайға Құрметті профессор атағын беру жөніндегі іс-шара салтанатты түрде өтті. Майкл Нгайдың халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстан мен Гонконг университеттері арасындағы әріптестікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін университеттің Ғылыми кеңесі осындай шешім қабылдады.

Сапар аясында профессор Нгай Сәтбаев университеті студенттеріне арнайы дәріс оқып, CityU of Hong Kong университетінде оқу мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының мүмкіндіктері туралы айтып берді және студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Дәрістен кейін өткен Ғылыми кеңесте ғалым қазақстандық әріптестеріне алғыс білдіріп, Қазақстандағы алғашқы техникалық университеттің әлеуеті зор екенін ерекше атап өтті.

«Сәтбаев университеті академиялық қауымдастығының бір бөлшегі болу – мен үшін үлкен құрмет, – деді Майкл Нгай. – Мен университет қауымдастығының болашаққа бағытталған екпінді қызметін жоғары бағалаймын, ол жасыл технологиялар, жасанды интеллект пен энергетикалық инновациялар салаларында көшбасшы болуға ұмтылуда».

CityU of Hong Kong университеті Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде профессор Нгай екі университет арасындағы стратегиялық әріптестіктің жүзеге асуына ерекше үлес қосты. Оның қолдауымен Сәтбаев университеті базасында CityU филиалы ашылып, ол Қазақстандағы халықаралық білім беру мен ынтымақтастықтың жаңа орталығына айналды. Бұл жоба Сәтбаев университетінің жаһандық академиялық кеңістікте алатын орнын айтарлықтай күшейтіп, студенттер мен зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту