8 қазан 2018 3088

Clarivate Analytics компаниясы Сәтбаев университетінің ғылыми жетістіктерін атап өтті

Clarivate Analytics компаниясы Сәтбаев университетінің ғылыми жетістіктерін атап өтті

2018 жылдың 20 қыркүйегі күні Сәтбаев университеті тәуелсіз «Web of Science» сыйлығына ие болды.  Университет Қазақстан Республикасының техникалық жоғары оқу орындары арасында соңғы бес жылда «Web of Science Core» жинағына ең көп жарияланған ғылыми мақалалар саны бойынша үздік атанып, «Ғылым үздігі» номинациясында аталмыш сыйлықты жеңіп алды. Сыйлықтарды тапсыру салтанаты Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде өтті.

Clarivate Analytics компаниясы жоғары білім беру саласын және ғылым зерттеулерді дамытуға қосқан зор үлесі үшін жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына, ғылыми журналдар мен жеке ғалымдарға жыл сайын «Ғылым үздігі» номинациясы бойынша сыйлықтар тапсырып отырады. Бұл сыйлық аймақтық академиялық қауымдастықтар арасында ең құрметті де мәртебелі сыйлықтардың бірі болып табылады және оның лауреаттарының саны дүние жүзі бойынша жыл сайын 500-ден аспайды. 

Биыл аталмыш сыйлыққа қазақстандық 10 зерттеуші мен 8 ұйым ұсынылып, олар Web of Science Core Collection халықаралық мәліметтер базасында ең көп жарияланған үздіктер деп танылды. Былтырғыға қарағанда биыл 7 мақалаға асып түсіп, олардың сілтемелер жасаған ғылыми мақалалар саны 41-ге жетіп отыр.

Web of Science Core Collection халықаралық мәліметтер базасының жоғары бағасы қазақстандық ғалымдардың белсенділігін анықтап, олардың зерттеу нәтижелері жиі-жиі жарық көріп тұратынын айқындайды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту