Ақпарат:

17 сәуір 2026 79

Дәстүрлі «ҚазҰТЗУ көктемі – 59» өнер фестивалі инженерлердің бірнеше буынын біріктірді

Дәстүрлі «ҚазҰТЗУ көктемі – 59» өнер фестивалі инженерлердің бірнеше буынын біріктірді

Сәтбаев университетінде студенттер шығармашылығының 59-шы «ҚазҰТЗУ көктемі» фестивалі аяқталды – бұл оқу жылының ең ауқымды және аса маңызды оқиғаларының бірі болып табылады, әрі сегіз институттың жүздеген студенттерін өнер арқылы біріктіреді. Алпыс жылға жуық тарихы бар фестиваль осы уақыт аралығында ұлттық деңгейге көтеріліп, елдегі ең көне техникалық университеттің мәдени кодына айналды.

Фестиваль университеттің төрт өнерлі студентінің бастамасымен басталды – әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблі дәл сол жылы құрылған болатын. Алғашқы жылдары фестиваль дәстүр ретінде шағын ғана өтсе, уақыт өте келе еліміздің сахна жұлдыздарының бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған ірі алаңға айналды.

Биылғы «ҚазҰТЗУ көктемі – 59» оқу жылының қорытындысын шығарып, өнерлі студенттерді біріктіріп қана қоймай, оларға тек орындаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар автор, режиссер және ұйымдастырушы ретінде де өздерін танытуға мүмкіндік берді. Фестиваль бір апта бойы өтті – әрбір институт өз таланттарымен таныстыруға толық мүмкіндік алды. Театрландырылған қойылымдар, музыкалық және хореографиялық нөмірлер арқылы студенттер Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы, сондай-ақ ел тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі сияқты тақырыптарды тереңінен пайымдады.

Фестивальдің финалы ретінде өткен гала-концертте театрландырылған қойылымдардан бастап, аспаптық музыка мен заманауи хореографияға дейін әртүрлі жанрдағы ең үздік нөмірлер ұсынылды. Әрбір институт өз көзқарасы мен шығармашылық өнерін көрсетіп, заманауи инженер тек техникалық біліммен ғана шектелмей, мәдени дүниетанымының кең екенін де дәлелдеді.

Фестиваль қорытындысы бойынша бас жүлдені Сәулет және құрылыс институты жеңіп алып, жоғары дайындық деңгейі мен ерекше шығармашылық дарынын көрсетті. Бірінші орынды Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты иеленсе, екінші орынды Тау-кен металлургия институты мен Геология және мұнай-газ ісі институты бөлісті.

«ҚазҰТЗУ көктемі – 59» – университеттің білім беру ортасын дамытуға қосқан үлесі, мұнда шығармашылық өнер инженерлік даярлықтың бір бөлігіне айналады. Осылайша Сәтбаев университеті инновация жасай алатын, Қазақстан мен Орталық Азия экономикасының дамуына үлес қоса алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлап шығарады. Ал ұрпақтар сабақтастығы, мәдени мұраны сақтау және шығармашылық бастамаларды қолдау болашақ ғылыми және технологиялық жетістіктердің негізін қалыптастырып, Сәтбаев университетінің таланттар мен идеялар тоғысатын орталық ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.

Дәстүрлі «ҚазҰТЗУ көктемі – 59» өнер фестивалі инженерлердің бірнеше буынын біріктірді

Дәстүрлі «ҚазҰТЗУ көктемі – 59» өнер фестивалі инженерлердің бірнеше буынын біріктірді

Дәстүрлі «ҚазҰТЗУ көктемі – 59» өнер фестивалі инженерлердің бірнеше буынын біріктірді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту