Деректерді талдау бойынша өтетін DANO мектеп олимпиадасына өтінім қабылдау 2 қазан күні аяқталады
Егер де деректер талдауында бағыңызды сынап, оқуға түсу мүмкіндігіңізді арттырғыңыз келсе – DANO олимпиадасына қатысыңыздар!
DANO – мектеп оқушыларына арналған олимпиада, оны Tinkoff Bank, «Жоғары экономика мектебі» және ресейлік басқа да университеттер өткізеді. Жарыс осымен төртінші жыл өткізілуде, ол әртүрлі елдердің 9–11-сынып оқушыларына жетекші университеттерге оқуға түсуге және деректерді талдау бойынша бағын сынау мүмкіндігін арттыруға көмектеседі.
Олимпиада үш кезеңнен тұрады, олар қатысушылардың деректермен жұмыс істеу қабілеттерін арттыруға, негізді қорытындылар жасауға және оларды дәлелдеуге, сондай-ақ нақты жобаларды топпен бірге істеп, біраз тәжірибе жинақтауға және soft-skills дағдыларын дамытуға көмектеседі. Барлық кезеңдер экономика, деректерді талдау, математика және логика саласы бойынша білім тексеруге арналған, ал байқаудың қорытынды кезеңінде қатысушылар ұйымдастырушылар мен серіктестердің мәліметтер базасы негізінде бірлесіп жасалған жобаларын қорғайды.
Олимпиаданың әрбір кезеңіне дейін қатысушыларға оқу блогы – яғни Жоғары экономика мектебі НИУ мен T-Банк сарапшыларының бейне подкасттары мен онлайн курсы, олимпиаданың өткен маусымындағы тапсырмалар мен тақырып бойынша жинақталған әдебиеттері бар материалдар кітапханасы қолжетімді болады.
Қатысу шарттары: жарысқа тек 8–11-сынып оқушылары қатыса алады. Математика бойынша негізгі білім болуы қажет. Олимпиада онлайн форматта, ал финалдық кездесулер бетпе-бет ашық түрде өтеді. Қатысу тегін.
Қатысушылар мына дағдыларды меңгеріп шығады:
- Нақты деректер базасымен жұмыс бойынша тамаша тәжірибе жинайды және осы тәжірибе арқылы аналитик мамандығымен танысады;
- Жоғары экономика мектебі НИУ мен Т-Банк сарапшыларының ерекше оқыту материалдары қолжетімді болады;
- Олимпиада ұйымдастырушылары мен серіктестерінің сыйлығына ие болады.
Қатысушыларға көмек ретінде олимпиаданың телеграм-каналына жаттығу тапсырмалары жарияланады. Сондай-ақ материалдар кітапханасы: өткен олимпиадалар тапсырмалары мен оқыту бейнематериалдары қолжетімді болады.
Тіркелу 2 қазанға дейін мына сайтта: dano.hse.ru.
Байланыс үшін: info@danocontest.ru, +7 (499) 653-53-38.