Ақпарат:

5 желтоқсан 2019 3486

Доктор Екатерина Бабий Сәтбаев университетінде дәріс оқуда

Доктор Екатерина Бабий Сәтбаев университетінде дәріс оқуда

Үстіміздегі жылы 18 қараша мен 14 желтоқсан аралығында Сәтбаев университетіне Украина ҰҒА-ның Н.С.Поляков атындағы Геотехникалық механика институтының пайдалы қазбалар кен орындарын ашық игеру мәселелері бойынша жетекші маманы Екатерина Бабий ресми сапармен келді (Днепр қ., Украина).

Техника ғылымдарының докторы Бабий Екатерина Васильевна – Украина ҰҒА ГТМИ-ның Кен орындарын ашық игеру технологияларының геомеханикалық негіздері бөлімінің аға ғылыми қызметкері. Оның тікелей басшылығымен және қатысуымен ашық тәсілмен пайдалы қазбаны өндіру және қайта өңдеу кезінде инновациялық жабдықтар мен жаңа технологияларды өндіріске енгізуге бағытталған бірқатар ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстары; күрделі тау-кен геологиялық жағдайларда геофизикалық ізденіс; тау-кен объектілерін жобалау кезінде олардың орнықтылығын қамтамасыз ете отырып, құрылыстың ұтымды параметрлерін негіздеу жұмыстары орындалды. Бұл бағдарламалар мен гранттарды Украина бизнесі (Украинаның тау-кен өндіруші кәсіпорындары атынан) және Украинаның Ұлттық ғылым академиясының мемлекеттік бағдарламалары қаржыландырады. Mining of Mineral Deposits, «Тау-кен ақпараттық-талдау бюллетені» сияқты халықаралық рейтингтік журналдарда бірқатар жарияланымдары шыққан. E3S Web Conferences «Ukrainian School of Mining Engineering», «International Conference Essays of Mining Science and Practice» және басқа да халықаралық конференцияларға белсене қатысады. Е.В. Бабий 3 монография, 89 мақаланың авторы, оның ішінде 8 мақала SCOPUS және WEB of Science журналдарында келтірілген.

Е.В.Бабий «Днепровская политехника» Ұлттық техникалық университетінің Геодезия кафедрасының профессоры (Днепр қ., Украина), ол  тау-кен ісі кафедраларымен тығыз байланыс жасайды.

Екатерина Бабий Геология, мұнай және тау-кен ісі институты «Тау-кен инженериясы» мамандығының бірінші оқу жылындағы магистранттары мен докторанттарына арналған «Терең темір кен карьеріндегі кенді байыту технологиясының геомеханикалық негіздері» атты дәріс курсын оқыды. Онда доктор Бабий Украинаның тау-кен кәсіпорындарында инновациялық жабдықты енгізу тәжірибесімен, сондай-ақ массивті бұрғылау-жарылыс жұмыстарына дайындау кезінде күрделі құрылымдық өндіру кемерлерін бағдарламалық модельдеу мүмкіндіктерімен бөлісті. Бұл курс әсіресе тау-кен бағыты бойынша оқитын студенттер үшін өзекті, әрі қызықты.

22 қараша күні доктор Бабий «Еврохим» компаниясы ұйымдастырған чемпионаттың «Тау-кен ісі» лигасында «Водопритоки» кейсі бойынша іріктеу кезеңінің қонағы болып, «Ашық тау-кен жұмыстары» тақырыбында жүргізілген пікірталасқа және ұсынылған технологиялық шешімдерді талқылауға қатысты.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту