8 қараша 2022 3747

Докторантураға түсушілерді 12-13 қарашада QAZTEST жүйесі бойынша міндетті тестілеуден өтуге шақырамыз

Докторантураға түсушілерді 12-13 қарашада QAZTEST жүйесі бойынша міндетті тестілеуден өтуге шақырамыз

Құрметті Satbayev University докторантурасына түсушілер!

Биылғы жылы докторантураға түсу үшін әңгімелесу және емтихан тапсыру алдында QAZTEST жүйесі бойынша қазақ тілін білгені туралы сертификат алу қажет. QAZTEST сертификаты-докторантураға түсу кезінде ұсынылатын қажетті міндетті құжат.

Тестті тек офлайн режимінде алуға болады. Ол үшін 12-13 қарашада Алматы қаласында QAZTEST көшпелі сессиясы ұйымдастырылды, оның аясында сіз қазақ тілін білуге сертификаттық тестілеуден өтіп, сертификат ала аласыз.

Тестілеуге докторантура талапкерлері (докторантураға түсушілер), "Болашақ" бағдарламасына қатысуға үміткерлер, мемлекеттік басқару академиясына түсетін Президенттік жастар кадр резервіне кандидаттар, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары және т. б. қатыса алады.

Көшпелі сессия шеңберінде тестілеу қазақ тілін білетін А1, В1 деңгейі бар адамдар үшін өткізілетін болады.

Тестілеуге қатысу үшін онлайн-өтінім қалдыру қажет. Тестілеу орны мен уақыты сіздің электрондық поштаңызға жіберіледі.

Қазтест көшпелі сессиясына қатысуға өтінімді толтыру, Алматы қ., 12-13 қараша (А1, В1)

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту