21 ақпан 2020 4440

Дөңгелек үстел: «Ғасырлар тоғысында: Әл-Фараби мен Әл-Машани»

Дөңгелек үстел: «Ғасырлар тоғысында: Әл-Фараби мен Әл-Машани»

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Сәтбаев университеті Әл-Машани атындағы Базалық білім беру институты, Қоғамдық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 2020 жылы 3 наурыз күні «Ғасырлар тоғысында: Әл-Фараби мен Әл-Машани» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – ұлы қазақ ойшылдары Әбу Насыр әл-Фараби мен Әл-Машанидің ғылыми-философиялық және рухани мұрасын талқылау болып табылады. Дөңгелек үстелге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Әл-Фараби орталығының директоры, филос.ғ.к., доцент Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы мен машанитанушы Садақбаева Гүлсім Едресқызы қатысады. 

Жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын және орыс тілдері. Бұрын-соңды жарияланбаған түпнұсқа мақалалар қабылданады және оларға дөңгелек үстелдің Ұйымдастыру комитетінің қарауымен түзетулер енгізіледі. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылады.

Өтінімдер 21.02.2020 ж. дейін socialstud.dep@gmail.com электронды мекен-жайында қабылданады.

Дөңгелек үстел жұмысына қатысуға қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды шақырамыз!

Өткізілу уақыты: 03 наурыз 2020 ж. сағ. 11.00. 268-дәр. (кітапхана) ГМК.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту