Ecohub университетте: пластик тапсырып, экологиялық бастамаларды қолдаңыз
Университетте экологиялық бастамалар дамуын жалғастыруда – О.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының корпусында жаңа Ecohub фандоматтары орнатылды. Енді студенттер пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды кампус аумағында ыңғайлы түрде тапсыра алады – бұл тез, оңай әрі пайдалы.
Фандоматтар ТКМИ корпусында, бірінші қабаттағы холлда орналасқан, сондықтан оларды сабақ арасындағы кез келген ыңғайлы уақытта пайдалануға болады.
Ecohub тек қайта өңдеу туралы ғана емес, сонымен қатар экологиялық бастамаларға үлес қосу мүмкіндігі туралы. Мысалы, Freedom картасы бар пайдаланушылар әр тапсырылған ыдыс үшін 4 теңге көлемінде сыйақы алады. Сонымен қатар, жиналған қаражатты экологиялық қорларға аударып, маңызды бастамаларды қолдауға болады.
Ecohub командасы Алматыда саналы тұтыну мен қайта өңдеу мәдениетін дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. ECO Network негізін қалаушы Евгений Мухамеджановтың айтуынша, қолжетімді инфрақұрылымды дамыту экологиялық әдеттерді күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдырады.
Университетте осындай фандоматтардың пайда болуы – қалдықтарды сұрыптау әдетін әр студенттің өмірлік нормасына айналдыру жолындағы маңызды қадам. Бүгін пластик тапсырып, ертең қоршаған ортаны қорғауға үлес қосайық. Қосылыңыз!



